Әлеуметтік желіде араққа сылқия тойып алған полицейдің тұрғын үйлердің арасында дәрет сындырып тұрған видеосы жарияланды.
Артынша дәл осы полицейдің жолда ұзыннан сұлап жатып, көліктер қозғалысына кедергі келтірген видеосы тағы шықты. Полицейдің аты-жөні әзірге белгісіз. Ал Батыс Қазақстан облыстық ІІД мас полицейге қатысты қандай да бір түсініктеме бермей отыр.