Орал қаласындағы қонақүйлердің бірінің күзетшісі келушілерге жеңіл жүрісті қыздарды әкеп отырған, – деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“Шара барысында Орал қонақүйлерінің бірінде жеңгетайлық дерегі анықталды.
1992 жылғы швейцар-күзетші болып істейтін азамат төрт мың теңге үшін Ж. атты азаматқа ақылы жыныстық қатынас үшін екі қызды жеткізіп берген”,
– дейді ІІД өкілдері.
Сонымен қатар, Әкімшілік жауапкершілік бойынша алты дерек анықталды.
2017 жылдың 27 маусымында өңірдің Ұйымдасқан қылмысқа қарыс күрес басқармасына Бөкейорда ауданындағы қыстаудың бірінде екі азаматты заңсыз жұмысқа салып отырғаны туралы ақпарат түскен.