51 жастағы Асылбек Омаров 11 жылға түрмеге тоғытылатын болды. Жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін ол сот үкіміне қарсылық білдірмеді.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Жұрттың жағасын ұстатқан бұл қанды оқиға осыдан үш ай бұрын болған еді. Күйеуімен ажырасқан 27 жастағы Ақерке Қозыкешова ұлын алып төркініне Семейге кетіп қалған. Алайда оның бұрынғы жары артынан келіп, ұлын алдап қайтадан Оралға әкеткен. Баласын сағынған анасы оны алып кетпек болғанда, қайын атасы келініне жұдырық ала жүгірген. Алдымен ұрып- соғып, кейін кеуде тұсына пышақ сұғып өлтірген. Ер азамат кінәсін мойындап, тәртіп сақшыларына өзі келген. Үкім шығарарда судья осы жағдайды және оның бұрын сотталмағанын ескерді.
“Қылмыстық кодекстің 99 бабының 1 тармағына сай ең ауыр жаза мерзімі 15 жыл. Алайда қылмыскер өз кінәсін мойындағандықтан, сот оның жазасын жеңілдететін жағдайларды ескеріп, күдіктіні 11 жылға бас бостандығынан айырды”, деді судья.
https://kaz.365info.kz/tanyp-tyr-denis-tendi-oltirgen-kydikti-ajel-zhajly-symdykh-malimetter-ashkere-boldy-video-325583