Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Оралда ер адамды тірідей өртеп жібергендер сотталды

Тергеу кезінде тіркелген деректерге сүйенсек, 2016 жылдың 22-тамызында Орал қаласының ортасында 23 жастағы Алексей Калашников өзінің 33 жастағы өгей әкесі Алексей Хватов Берік Иманов пен оның танысы Бөріковты кездестіріп қалады. Олар бірге арақ ішуге отырады.

«Хватов Имановты басынан бөтелкемен бір қояды, ол басын ұстаған күйі қашып кетеді. Қалған үшеуі арақ ішуді жалғастыра береді. Бір уақытта Калашниковтың шешесіне тіл тигізген Имановты олар іздеп тауып, жазасын берейік деп шешеді. Олар Имановтың үйіне келгенде ол сыртта ұйықтап жатады. Өгей әке мен өгей бала оны жағасынан алып таяқтың астына алады, одан кейін оны сарайға апарып тірідей өртеп жібереді. Сөйтіп олар қашып кетеді. Имановтың көршілері терезеден отты көріп, полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырады», — делінеді іс құжатында.

Тірідей отқа оранған Берік Иманов 2016 жылдың 23-тамызында ауруханада көз жұмды.

«Сот Алексей Хватовты «Кісі өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп тауып, оған 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сонымен қатар оған еркінен тыс арақтан сауықтыру емі тағайындалды», — деді Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Бақыт Ермаханов.

Ал Алексей Калашников «Кісі өлтіру» және «Ұрлық» баптары бойынша жазықты деп танылып, оған 20 жыл бас бостандығынан айыру үкімі кесілді.

Алексей Калашников бұрын «Бопсалау», «Бұзақылық» және «Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру» баптары бойынша сотты болған екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз