Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Оралда басқарудың нәтижелі цифрлық шешімдерін енгізу әдістері талқыланды

168

Семинарды қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры ұйымдастырды. Шара қатысушыларын цифрландыру үрдісінің негізгі көріністерімен «ҰАТ» АҚ Батыс Қазақстан облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бас маманы Алтынай Дәулетова таныстырды.

«Цифрлық технологиялар басқару үдерісін барлық деңгейде оңтайландырып, қателіктер қаупі мен біреудің жеке мүдделігіне қатысты жасырын шешімдерді азайтады. Блокчейн технологиясы тауар және қаржы ағындарын, логистиканы, мемлекеттік институттардың жұмысын бақылаумен қатар, бизнес пен мемлекетті басқару саласында заманауи нәтижелі шешімдерін енгізуге ықпал етеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында айтылғандарды интернет пен әлеуметтік желілерде ілгерілету, сонымен қатар осындай көшпелі семинарлар өткізу арқылы цифрландыру үрдісінің негізгі көріністеріне көпшіліктің назарын аудартуға болады», – дейді ұйымдастырушылар.

Семинар жұмысына сала мамандары, студенттер, IT саласының қызметкерлері мен ЖОО оқытушылары қатысты. Жобаның серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз