Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-17
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Оралда автосалон ұрланған көлік сатқан

Осыған қарамастан №2 қалалық сот оның талабын қанағаттандырудан бас тартты. Бірінші сатылы сот мәмілені жасау және автокөлікті тіркеу кезінде оған ешқандай шектеулер болмағанын көрсетті. Сонымен қатар құқық қорғау органдары қылмыстық іс бойынша көліктің жәбірленушіден ұрланғанын анықтаған жоқ. Соттың бұл шешімімен келіспеген ер адам оған шағымдануға шешім қабылдады.

«Сатып алушы үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған тауарды қабылдауға келісімін бермесе, үшінші тұлғалардың кез келген құқығынан босатуға міндетті. Сатушының бұл міндеттемені орындамаса, сатып алушыға тауардың бағасын төмендетіп, шартты бұзу және залалдарды өтеуге міндетті болады», – деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Апелляциялық алқа сатып алу-сату шартын бұзу туралы талап арызды қанағаттандырып, моральдық зиянды өтеу туралы талап арызды ішінара қанағаттандырып, шығынды ескере отырып, автокөліктің құнын өндіру туралы шешім қабылдады. Бірақ ер адам көлікті өзі тіркеуден шығаруы керек болады. Ол үшін уәкілетті органға хабарласуы қажет.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз