„Қорғас„ шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығының президенті Василий Ни 1 миллион доллар пара алды деп күдікке ілінді.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның департаменті хабарлады.
„Тергеушілер Василий Ни өзінің қол астындағы инвесторлармен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі Сайдуллаевтың көмегімен бопсалау арқылы „Қорғас Тюльпан„ ЖШС өкілінен 1 миллион доллар пара алғанын анықтады. Өз кезегінде ол халықаралық орталық территориясында салынбақ бес жұлдызды қонақүй құрылысы бойынша тендерді осы компанияға ұтып бермек болған„ делінеді алдын ала таратылған хабарламада.