Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Қорғаныс саласы сынға қалды. Әскери билет саудасы үдеп тұр

224

Аталған агенттік жүргізген зерттеу Қорғаныс министрлігіне қарасты құрылымдардағы жемқорлық деңгейінің жоғары екенін анықтаған.

Негізінен, әскери билет пен әскерге алынбайтындығы туралы қорытынды қағаз үшін пара берушілер өте көп.

Биылғы жылдың 9 айы ішінде Қорғаныс министрлігі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі 34 тергеу ісі тіркелген, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш.

Ұлттық бюро келтірген деректерге сүйенсек, бұл тергеу жүргізіліп жатқан істің 60 пайызы Қорғаныс министрлігінің Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарындағы департаменттерінің басшылығына қатысты қозғалған.

Сол секілді әскери-техникалық мектептердегі де парақорлық мәселесі алаңдатарлықтай. Мұнда мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде жүйелі түрде заңбұзушылықтар орын алуда.

Осыған сәйкес агенттік министрлікке ескерту жасады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз