Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Оппозиционер Козлов туған күнін түрмеде атап өтті

Шамамен екі сағатқа созылған қысқа кездесуден шыққан Әлия оппозициялық “Алға” партиясының бұрынғы жетекшісі Козловтың көңіл күйі жақсы екенін айтты. Тұрысбекова күйеуіне азық-түлік пен киім апарып берген. Кездесу Козловтың туған күнінде өтті – бүгін саясаткер 56 жасқа толды.

Бүгін түстен кейін Козлов отырған Заречный қыстағындағы түрменің алдына саясаткердің жақтастары, әріптестері жиналады.

2012 жылы Владимир Козлов Жаңаөзендегі оқиға кезінде әлеуметтік араздық туғызды деген айыппен жеті жарым жылға сотталды. Козловтың өзі және оның жақтастары айыптардың саяси астары барын айтты. Қазақ билігі Козловты қудалаудың астарында ешқандай саясат жоқ деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз