Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Опасыздар…”. Әйелі мен жан досының үстінен түскен қазақ

287

— Аға қаланың өзіне барасың ба? – деді.

Жоқ. Ары қарай Жетісайға барамын. Ұлым мен келінім сонда тұрушы еді. Немерелі болып жатырмын. Сол немеремді бір иіскеп қайту үшін жолға шықтым, дедім.

— Бауы берік болсын аға, бақытты екенсіз, – деп ол күрсініп қалды.

— Неге күрсіндің бауырым?

— Сіз немерелі болып, жүрегіңіз кеудеңізге сыймай отыр. Ал мен болсам, қайғыдан қан жылап отырмын, аға, – деді жігіт.

https://kaz.365info.kz/opasyzdardy-keshiruge-bola-ma-255656

Осыдан кейін екеуміз де үнсіз қалдық. Біраздан кейін жөн сұрағанымда ол жігіт өзінің тағдырын айтып берді:

«Оқу бітірген соң Алматыда қалдым. Мамандығым бойынша бір мектепке ұстаз болып орналастым. Оқуды бітірген бойда үйлендім. Қыз өзіміздің оңтүстік жақтың қызы еді. Тәрбие көрген, жөн-жосықты білетін, сабырлы қыз деп ойлаушы едім. Өкінішке қарай олай болмады.

Ол да мұғалім. Өзіңіз білесіз, мұғалімдердің айлығы шамалы. Әйтеуір екеуіміз ақшамызды құрастырып, пәтер жалдап тұрып жаттық. Жаспыз, жүргіміз келеді, киінгіміз келеді, ішкіміз келеді. Бірақ қолдың қысқалығы оған мүмкіндік бермейтін. Әкем ауылда сваршик болып жұмыс істеген. Мектепте жүргенде дәнекерлеуді әкемнен үйреніп алғанмын. Осыны әйеліме айтып едім, ол бірден «жұмыстан шық та, құрылысқа дәнекерлеуші болып орналас. Олардың ақшасы көп», деп бой бермеді. Қарсы болмадым. Өйткені мұғалімдікпен зорға табатын жүз мың теңгеміз расында еш нәрсеге жетпейтін.

Содан бір құрылыс компаниясына кірдім де кеттім. Алматыда сваршиктердің айлығы шынымен жақсы екен. Үш жүз, төрт жүз мыңға дейін алып жүрдім. Әйелім сол мұғалімдікте жүріп жатты.

Ғалым деген курстас досым бар еді. Ол екеуіміз әу баста мектепке бірге орналасқанбыз. Курстас дос болған соң пәтерімзге жиі келіп тұратын. Кейде тамақ ішіп, жатып кететін. Ол Сыр бойынан еді. Жаман жігіт емес. Кейде Ғалым келіп-кеткен соң әйелім «сүп-сүйкімді, әдемі жігіт», деп риза болып отыратын. Кейде қызғанып қалатыным бар.

Ғалым да менен бұрын әйеліммен шүйіркелесе кететін.

«Досым ғой, иттігі жоқ шығар» дегем. Басқа достарыма бұлайша жылышырай танытпайтын әйелім Ғалым десе әйтеуір құлап түседі. Кейде осылардың ортасында бірдеңе жоқ па деп күдіктеніп те қалатын болдым. Бірақ бірі жарым, бірі досым, үйтіп жаман ойламайын деп өзіме басу айтамын.

Дәнекерлеушінің жұмысы оңай емес. Кейде күндік жоспарды орындау үшін жұмыста қалып та істей береміз. Сондай кездерді аңдып жүре ме қайдам, кештетіп үйге келсем. «досың Ғалым келіп шай ішіп кетті». деп әйелім қутың-қутың ететіні бар. Содан қойшы. күндер өтіп жатты.
https://kaz.365info.kz/ajelim-men-bazhamdy-tosekte-zhatkhan-zherinen-ystadym-shymkentte-bolgan-okhiga-276176
Бірде жұмыс соңында қатты терледім. Күн ыстық еді. Терімді сүртіп, сусын іштім. Жұмыс көп қалмаған. Бір-екі білік темірді бір-біріне дәнекерлей салу керек еді. Соны ертеңге қалдырмай бітіре салайын деп ойладым. Көзілдірікті кимей, дәнекерді қосып, жұмысқа кріскенім сол еді, темірдің от ұшқындары көзіме тигені. Удай ашып сала берді. Ерінбей, көзді қорғайтын масканы кие салсамшы.

Бәрі кеш. Ауруханадан бірақ шықтым. Екі көзім де көрмей қалды. Ота жасалды бәрібір.

Су соқырдың бірі болып шыға келдім. Тек бір көзім ғана сәл бұлдырлап, жарық дүниеден хабар беретін. Мұны ешкімге айтпадым. Соған да іштей тәубе дедім.

Басында әйелім жүгіріп жүріп анда да, мында да апарды. Емдетті, қаратты. Досы Ғалым да бірге жүрді. Оларына рахмет.

Ақыры түк шықпаған соң үйде отыратын болдым. Күндер өте келе әйелім ренжитін болды. «Сенің соқыр болып қалғаның мынау. Менің табысым ештеңеге жетпейді. Қиын болды» деп күңкілдеп жүреді де қояды.

https://kaz.365info.kz/kete-ber-dejdi-kyjeuimnen-zhylu-kormejmin-kozine-shop-saluga-ozi-itermelejdi-289322

 

Кейде Ғалым келеді. Оларға оң көзімнің сәл де болса, бұлдырлап жарық дүниені көретінін ешқашан айтқан жоқ едім. Бірде Ғалым келді. Оны-мұны айтып отырдық. Ол темекі шегем деп балконға шығып кеткен. Әйелім де балконнан бірдеңе алмақ болды ма, ере шыққан. Бір кезде балкон жаққа жалт қарадым.

Әйелім мен досым құшақтасып сүйісіп тұр екен. Залда мен отыр деп елеп-ескеріп тұрған жоқ.

Шамасы, бұл соқыр ештеңені көрмейді деп ойласа керек. Жабысып, бір-бірінің ернінен қадала сүйісіп тұр. Иә, бұл бірінші сүйістері болмаса керек-ті. Одан да зорғы дүниеге барып жүрген сыралғылар секілді.

Әйелімнің Ғалым дегенде неге есі шығып кететінін енді түсіндім. Екеуі көңілдес болып алған сияқты. Қолымдағы таяқпен екеуін итше сабағым келді. Бірақ олай істемедім. Өзімді сабырға шақырдым. Жөткірініп орнымнан тұрып едім, әйелім досымның құшағынан сытылып шығып, бір нәрсені көтеріп ішке енді. Ал Ғалым болса түк болмағандай темекісін тартып тұра берді.

Сол сәтте-ақ ойландым. Бұлай өмір сүруге болмайды деп. Өйткені өзім жарымжан болып қалғанда, жаныма демеу болатын жарымның түрі анау, досымның түрі мынау. Бір-бірімен аймаласып жүрген. Нағыз сатқындық осы еді.

Бұл жағдай көзімнің көрмей қалғанынан да ауыр тиді.

Ертесінде осы қалада оқып жатқан қарындасымды шақырып алып, оңашада бар жағдайды айттым. Жасырмадым. Жыладым.

Қарындасым екеуіміз ойласа келе, әйеліммен ажырасып менің ауылға кеткенімді жөн деп шештік. Өйткені бір күні күйіктен өліп қалуым да мүмкін еді. Жиналып, кетерде қарындасымның көзінше әйеліме де, досыма да олардың маған жасаған опасыздық, сатқындықтарын беттеріне айттым.

Екеуі де кешірім сұрады. Бірақ мен кешпедім. Қалай кешіремін? Содан міне, ауылға жиналып кетіп барамын. Ауылда да өмір бар.

Туғандарымның ортасына барсам, жаман болмас. Міне, аға, менің басымдағы жағдай.

Егер де осындай оқиға сіздің басыңыздан өтсе, қайтер едіңіз? Кешірер ме едіңіз?».

Мен не дейін? Ештеңе дей алмадым. Бірақ қойныңдағы әйелің мен жақын досыңның сатқындығын шынында да кешіруге болмас. Мен де кешіре алмас едім. Сіз ше?
https://kaz.365info.kz/keshir-meni-nuar-dosymny-jeli-z-zil-247750
Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз