Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Оның сөзі боқпен тең”. Айгүл Орынбек Тазабековке тағы тиісті ме?

287

Картинки по запросу айгүл орынбек

Мен бе, мен?

Халықтың әлеуметтік-саяси хал-ахуалын ашық, ащы шындықпен әлеуметтік желіде көтеріп жүрген соң танымалдыққа ие болған шығармын.

Қазіргі таңда халық жалғандықтан, әдемі сөйлеп, өтірік уәде беріп, екіжүзділік танытып, жағымпаздану, орысша айтқанда «понт» сияқты іс-әрекеттерден шаршаған.

Бұл 25 жыл ішінде кейбір азаматтардың мінез-құлқына айналған, және халықты жалықтырған. Мен бұны танымалдық деп есептемеймін, халықтың көзі ашылып, азаматтық қоғамның қалыптасып келе жатқандығы деп есептеймін.

Тазабеков пе?

Мен үшін ол дау емес. Жеке бір тұлға ретінде заңды көзқарасымды білдіру. ҚР-ның Конституциясы бәрімізге ортақ. Заңды бұзды ма, заңды түрде жауап беруі керек.

Ал ол кісі көптеген халықтың ойында жүрген сұрақтарға жауап бермей, одан қалса, заңды жауапкершіліктен «қашудың» жолын жақсы үйреніп алған сияқты.

Оның өзі сау басына сақина тілеп алды. Менің қойған сұрақтарым әлі күнге дейін жауапсыз қалды. Қасиетті Меккеге кетіп бар жатып, қазақтың қыздары жайлы «тәрбиесіз» деп сұхбат ретінде имани жазбалар қалдырып кетіпті. Меккеге барып тәубесіне келген шығар. Ер азамат ретінде қоя алмаған даудың нүктесін мен қояйын.

Алдағы уақытта Мұхамеджан ағам менің тарапыма қандай да бір уәж айтса да оның сөздері боқпен тең.

Дәл қазір…

Жасөспірімдерге қатысты екі іс алып жүрмін. Бұл қоғамда белең алып отырған ең үлкен дерт.

Кейбір надан, жатып ішер азғындаған ер-азаматтардың кесірінен бүлдіршіндер жапа шегуде.

Бұл қоғам болып күресетін жағдай. Қыздарымызға барынша сақтандыру жолын үйретуіміз керек. Оқу орындары мен ата-аналардың байланысы күшейіп, тәлім-тәрбие сағаттарын көбейтуіміз керек. Балаларға «педофил» сөзін ашып жеткізу арқылы олардың қауіптілігін және олардан қорғану жолын ұғындыруымыз керек

Ұстанымым

Алдымен көмекке мұқтаж адамға дұрыс құқықтық кеңес беру, дұрыс бағытты көрсету, ашықтық. Ал кейбір заңгерлер адамның басындағы қайғысын пайдаланып, өз қалталарын толтыруды ойлайды. Біздің қазақ тілді қоғамда мықты заңгерлер саусақпен санарлықтай.

Қазақ тілді қоғамды сауатсыз көреді.

Намысқа тырысып, қазақ тілінде әділдікке жетуге болатынын бүкіл республикаға дәлелдедім деп ойлаймын.

 

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз