Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Оны кім ұрды?». Тоқтар Төлешов сотқа басы жарылып келді

243

Алайда сот басталмай жатып, кейінге қалдырылды. Еңбекші аудандық сотының судьясы Мырзалы Жорабаев екі айыпталушының адвокаттары сотқа келмей қалуына қатысты істі тоқтатты.

Бұл жолы сот Төлешовты салықтан жалтарып, шенеуніктерге пара бергені үшін айыптауда. Алайда, оның қорғаушысы Мархаба Жақыпова айыптың басым бөлігімен мүлдем келіспей, тіпті, ақылға сыйымсыз деп санайды. Бұрынғы кəсіпкерге жала жасалғанын жасырмайды.

– Зауыт директоры салық инспекторына пара тасып жүре ме? Оған қарсы шыққан өзінің бұрынғы жұмысшылары. Қол астында 20-30 жыл істеген. Түсінікті болар? Оның үстіне, салық пен есеп-қисап бухгалтерлік іс, дейді Жақыпова.

Төлешовті алғашқы сот процесінен бастап қорғап келетін Мархаба Жақыпованың айтуынша, осы уақытқа дейін бұл іс бойынша ешқандай көзбе-көз беттестіру болмаған. Тағы бір белгілі болғаны, адвокат бұрынғы олигархты су тегін қорғауда.

– Қазір оның бір тиыны жоқ. Менің Астанадан жол ақым мен жататын жерім зорға төленді. Ойлай беріңіз? Жалғыз өзім қорғаймын,

дейді ағынан жарылған адвокат ханым.

Тоқтар Төлешов тұзаққа түскен 2,5 жылдан бері тергеу абақтысын жағалап жүр екен. Қорғаушысы оның əлі түрмеге ауыстырылмағанын айтты. Осы уақытқа дейін Төлешов бірде-бір жақынымен жолықпапты. Жастары 90-нан асқан ата-анасы да ұлдарын бір көруге зар. Сондықтан болар, адвокат оның жан дүниесінің жағдайына алаңдаулы.

– Денсаулығы сыр беріп жүр. Бірнеше рет дәрігер шақырылған. Тісі ауырып, бел омыртқасы маза бермейді. Ал жалпы, жағдайы, айтпаса да түсінікті шығар. 21 жылға сотталу дегенің… ешқандай кінәсіз…, деп айды аспанға бірақ шығарып, қорғауындағы олигархты ақтап алды Мархаба Жақыпова.


Сотта Төлешовтың басынан жарақат алғанын байқап қалған БАҚ өкілдерінің сауалына қорғаушы таң қалды.

– Қайдағы жара? Жаңа алған жара болуы мүмкін емес қой? Мен бүгін-ақ анықтап көрем, деп ақталған қорғаушыдан маза қатты.

Алайда Төлешовтың сотта жүзі жарық, көңіл-күйі жарқын болғаны көзге ұрып тұрды. Тіпті, өзіне қарсы шыққан бұрынғы қоластындағыларымен орнынан ұшып тұрып, сәлемдескені үшін адвокаттардан сөз естіді.

Айта кетейік, экс-кəсіпкерді алғашқы сотта қорғаған Евгений Яворский оны сатып кетіпті. Сөйтіп, сотта Төлешовке қарсы жауап айтып, қорғаушыдан куəгерге айналып шыға келген екен.

Бұл жолы ол, тіпті, қатты кетті, деп ашуын айтты адвокат ханым.

Енді ол басқа айыптыны ақтамақ. Алайда бүгінгі сотта қарасын көрсетпеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз