Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Оны әйелінен қатты қызғанамын” – астаналық жас тоқал сырын ақтарды

243

Жұмыс ретімен бірнеше рет кездесіп жүріп, бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Мейрамханаға шақырып, бірге талай қызықтарды көрдік. Кейіннен саунаға баратын болдық, пәтер де жалдап, қонып жүрдік.

Бірде Нұрдәулет маған тоқалым бол деп ұсыныс жасады.

Әйелін ешқашан тастамайтынын, бірақ мені де қаржылай қолдап отыратынын айтты. Сол жағалаудан керемет пәтер жалдап берді. Сөйтіп, некемізді қиып, үйленген азаматтың екінші әйелі ретіндегі жаңа өмірім басталды. Нұрдәулет күн-ара келіп тұрады. Некелескенімізге бір жылдан асты. Бүгінде арамызда ұлымыз бар. Аллаға шүкір, менің ешқандай қиыншылығым жоқ. Нұрдәулеттің артық сөзі жоқ. Ол мені барлық жағынан қамтамасыз етіп отыр. Әйелге не қажеттің бәрін сатып ала аламын. Осы уақыттан бері көлік алдық, шетелге барып келдік.

Нұрдәулеттің әйелі бастапқыда білмейтін еді.

Шындық ашылған кезде үйіме келіп, жанжал шығарып, көршілерге естірте дәлізде айқайлап, біршама ыңғайссыз жағдайға қалдырды.

Бірақ менің керісінше айызым қанып, оның көз жасына еш жібімедім. Мүмкін, ол Нұрдәулеттің заңды әйелі болғасын жек көргенім болар. Нұрдәулет екеуміздің арамызды бөліп тұрған сол тәрізді көрінеді маған.

Сол оқиғадан соң менің ұйқым қашып жүр. Нұрдәулет келмеген күндері түн ұзақ көз ілмей шығамын.

Себебі ең жаман нәрсе – сүйіктіңді біреумен бөлісу екен. Оны әйелінен қызғанатынды шығардым.

Көз алдыма оның менімен жатып кетіп, ертесінде әйелін құшатыны, оған да жылы сөздер айтатынын елестетсем, қаным басыма шығады. Түнде оның әйелінің қасында жатқанын ойласам, ішім алай-дүлей болады. Түндерім осылай дөңбекшумен өтеді.
https://kaz.365info.kz/astanada-zina-or-adamdar-nege-k-p-myna-yz-bireudi-k-jeuimen-zh-redi-eken-226175

Қызғаныштан өртеніп кете жаздаймын

Мүмкін, мендегі – ол әйелдің өмірін көре алмаушылық сезімі ме екен? Үнемі Нұрдәулетті зарыға күтемін. Себебі ол маған отбасынан қолы босаған кезде ғана келеді. Өмірім соны күтумен өтетіндей көрінеді. Нұрдәулет тек менікі ғана болса екен деймін.

«Әйелімді жақсы көрмеймін, сыйлаймын. Ол да балаларымның анасы ғой, сол үшін оны сыйлаймын. Түсінші», дейді.

«Сонда мен ше?», деймін. «Оның көз жасын көргің келмейді, ал менің жылап жүргенім жаныңа батпай ма?» десем, ойланып қалады, бірақ жауап жоқ.

Әйелі хабарласқанда жұмыстамын, кездесудемін дегендері жаныма батады. Кейде қатты керек болғанда телефон соқсам, ол көтермейді, басып тастайды. Ол оның қасымда әйелім бар дегені. Сондай кезде қатты жыным келеді. Кейін «жаным, ренжімеші» деп ақталған кезде, аяп кетемін.

Екеуімізді байлап тұрған қандай күш екенін білмеймін. Әйтеуір онсыз өмір сүре алмайтын сияқтымын. Өз ісімнен өзім ұяламын, менікі қиянат екенін де түсінемін. Мүмкін, бас тартсам ба екен?

Біреудің бақытын ұрлап, қуыстанып өту қиын екен. Жалпы, әйел ерінің жалғыз ғана сүйіктісі болғанын қалайды екен.

Не істесем болады? Кеңес беріңіздерші?
https://kaz.365info.kz/to-al-bol-ym-keledi-kreditim-bar-edi-aza-yzy-243675

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз