Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Оңтүстікте тоғыз айдың ішінде 153 мың тонна ет өндірілді

Статистикалық мәлімет бойынша, облыстың барлық ауыл шаруашылық санаттарындағы өндірілген өнім бойынша да өсім байқалады. Атап айтар болсақ осы жылдың тоғыз айында өңірде 153,4 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 4,9 пайызға көп. Ал осы уақыт ішінде 575,4 мың тонна сүт өндіріліп, 101,9 пайызға, 254,6 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 109,6 пайызға артып отыр.

Мұнан бөлек, мал шаруашылығын дамыту мақсатында жасалынған мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен 14 516 бас ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен 26 230 бас қой, «Құлан» бағдарламасы аясында 2557 бас жылқы сатып алынып, мал тұқымы асылдандырылған.

Жалпы аграрлы аймақта осы жылдың тоғыз айында құны 376,5 млрд теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 57 млрд. теңгеге көп. Өндірілген өнімнің 172 млрд. теңгесі мал шаруашылығы бағытында болса, 203,5 млрд. теңге көлеміндегі өнім егін шаруашылығы бойынша түскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз