Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Оңтүстікте бір журналист молданы масқаралады деген күдікке ілініп, істі болды

Ақпараттық порталдың хабарлауынша, журналист аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда. Олардың қатарында порнографиялық материал таратты деген бап та бар.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Анаргүл Сүлеева мен оның үш танысы Тасқараев деген ер адамды спирттік ішімдікке мас қылып, жалдамалы пәтерде мәжбүрлеп қамап ұстаған. Кейін оны шешіндіріп, жалаңаш күйінде фотоға түсіріпті. Бұл фотоматериалдарды күдіктілер интернетке жүктемек болған. Істерін тындырып болғаннан кейін олар жәбірленушіні жалаңаш күйінде үйінің ауласына апарып тастап, бұл сәтті де бейнекамераға түсіріп алыпты.

Зәбір көруші ауылдың молдасы болып шықты. Ол мас әрі тыр жалаңаш күйінде елдің көзіне түсіп, масқара болды. Зәбірленушінің бұл масқара күйін түсіріп алған олардың видеосы кейіннен әлеуметтік желіге тарап, шу туғызған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз