Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Оңтүстік Кореяға жұмысқа бармақ болғандар алаяқтарға алданып қалған

111

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Жұртпен дауласып тұрған оларды шетелге жұмысқа апарамыз деп уәде еткен компанияның менеджері. Оңтүстік Кореядағы жұмысты жарнамалағанда жылы сөйлеген қыз енді бет-жүзін жасырып, бұрышта тығылып тұр. Ал алдандым дегендердің бас-аяғы 45 адам. Айтуларынша, компания өкілдері «Кореяға барып, күреп ақша табасыңдар» деген. Бұл үшін алдымен 900 доллар төлеу керек болған.

“Хабарландырумен біз осындай жұмысшыларды қабылдап жатырмыз деген. Қазанның  8-і күні мынадай келісіммен  900 доллар қолдарына бердік”, дейді Павлодар қаласының тұрғыны.

Алайда, қыздар да ақшаны алдамық деп азар да безер. Айтуларынша, кассаға теңге түскен бойда оны әлдебір курьер қағып кетіп отырған екен. Ал өздері мұнда жұмысқа бір ай бұрын ғана қабылданыпты. Содан бері бастықтың өзі тұрмақ, көлеңкесін де көрмедік дейді қыздар. Десе де, Оңтүстік Кореяға барамыз деп опық жеген жұрт оларға сенбеді. Ақшасын қайтаруды талап етіп, қанша кемсеңдесе де, қыздарды кеңседен шығармай қойды.

Бұл іске қазір полицейлер араласты. Алаяқтық бабымен іс қозғалып, жұрттың қаржысын қалтаға басқандардың біреуі қамауға алынды. Ал Оңтүстік Кореяда қырып ақша табамын деп аңсаған халық енді сот табалдырығын тоздырумен болатын сияқты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз