Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Оңтүстік Корея азаматтары Алматыда 20-23 жастағы қыздарды жезөкшелікке салған

335

Бір апта ішінде төрт мемлекеттің аумағынан адам саудасының 95 фактісі анықталған.

“Қазақстанда полиция 67 дерек тіркеді, оның 14-і – адам саудасы, екеуі – кәмелеттік жасқа толмағандар саудасы, адамды заңсыз бас бостандығынан айыру, жезөкшелікке салудың 7 дерегі, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұстау және ұйымдастырудың 71 дерегі анықталды. Жезөкшелікпен айналысу үшін әдейі бөлме беру үшін 21 әкімшілік хаттама толтырылды”, — деп мәлімет берді Қазақстанның ІІМ.

Кім екенін анықтау үшін полиция органдарының арнайы мекемелеріне 19 адам жеткізілген, олардың оны Өзбекстан азаматы, жетеуі қазақстандық және екеуі Қырғызстан азаматы.

Полиция қызметкерлері өзбек әріптестерімен бірге Қазақстан аумағында екі қылмыскерді ұстады, олар адам саудалап, алаяқтық жасағаны үшін Өзбекстанның ІІМ-нің халықаралық іздеуінде болған.

Сонымен қатар криминалдық полиция қызметкерлері мен Алматы полициясы жеңгетайлықпен айналысқан Оңтүстік Корея тумаларын ұстады.

“Кәрістер шетелдіктерге интимдік қызмет көрсету үшін караоке-бар сияқты қылып притон ұйымдастырған – қызметтің ақысы 300 доллардан бастап 1000 долларға дейін жеткен. 20-23 жас аралығындағы 18 қыз жезөкшелікпен айналысқан”, — дейді ІІМ.

Ақтөбе облысында полицейлер екі тұрғынды ұстады. Олар ақпан-қараша айларында 49 жастағы ер адамды шаруа қожалығында құлдықта ұстаған. Ер адам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында болыпты.

“Атырау облысында 32 жастағы әйел жаңа туған қызын 5 мың долларға сатпақ болған. Кәмелеттік жасқа толмаған баланы сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды”, — деп хабарлады ІІМ.

Адам саудасының құрбандарына психологиялық және құқықтық жәрдем көрсетілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз