Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-13
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Оңтүстік Қазақстан тұрғындары былтыр 300 млрд теңгеге жуық несие алған

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.

Сондай-ақ, 2017 жылы өңір халқы банктерге 267,9 млрд теңге көлемінде салым жасаған. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға артқанын көрсетеді. Халық салымдарының басым бөлігі ұлттық валютада сақтаулы.

«Екінші деңгейдегі банктерден берілген несие көлемінің 62,4 пайызы – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында, 19,8 пайызы – өнеркәсіп саласына, 14,4 пайызы – саудаға, 2,1 пайызы – құрылыс саласына, 1,3 пайызы – ауыл шаруашылығына берілген», – деді Арман Сәбитұлы.

Сонымен қатар, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 43,9 млрд теңгені құрап, 12,4 пайызға артқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз