Италиялық молекулалық биолог және пианист Эмилиано Тосо төрт сағаттық операция кезінде кішкентай науқасқа фортепианода ойнап берді. 10 жастағы баланың жұлынындағы ісікті алып тастады.
Хирургиялық топтың мүшесі Тосо баланың анестезия алғанына қарамастан музыканың терапиялық әсер еткенін атап өтті, деп жазады Reuters. Операция бөлмесінде түсірілген кадрлардан дәрігердің ота жасап жатқан әріптестерінің жаныда аспапта қалай ойнағанын көруге болады.
«Біз музыканы тоқтатып, кейін қайтадан бастап, науқастың реакциясының бақыладық. Жалпы анестезияға қарамастан, ми музыканы қабылдады, бұл өте таңғаларлық жағдай болды», —деді Эмилиано Тосо.
Қазір бала өзін жақсы сезінеді, бірақ тағы бір операция қажет пе, жоқ па, білу үшін бірқатар тест жасау қажет болады.