Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
2
USD
426
-0.24
EUR
496
+0.41
RUB
5.99
-0.01

Ондай байды атып тастау керек! Интернетте Күлікбаевтың сотынан тыс видео жарияланды

Бүгін Алматыда Күлікбаев пен оның 5 сыбайласына қатысты сот басталған болатын. Сот кезінде лаңкес қолынан мерт болған Алматы қаласының полиция қызметкері Мейрамбек Рахматуллаевтың анасы Күлікбаевтың әйелінің бетіне түкіріп жіберген болатын.

Соттан кейін де Күлікбаевтың әйелінің соңынан қалмай, өкшелей қуған  тағы бір қаралы ана: „Не айтасың, енді? Айт. Қай бетімен сотқа келдің? Байым деп келдің бе? Қай бетіңмен келіп отырғаныңды білмеймін. Мен болсам келмейтін едім, ондай байдың керегі жоқ деп, балаларымды аман қылсын деп. Ондай байды атып тастау керек„ – деп іштегі қыжылын жайып салды.

Лаңкес қолынан мерт болған полиция қызметкерінің бірінің жары да Күлікбаевтың әйелінің соңынан: „Құрысын, Қазақстаннан аулақ кетсін, көшіп кетіңдер„ деп айғайлады.

https://www.youtube.com/watch?v=GHIglrQ_le8

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз