Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Он меня достал”. Әріптесін атып тастаған әскери сұмдық мәлімдеме жасады (фото-видео)

279

Бердібек Берістенов

Ол аз болғандай, Асқар Оспанов тәртіп сақшыларына оқ жаудырып, ғимаратқа жақындатпаған.

Суыт хабар Талдықорған қаласының ішкі істер басқармасының (ІІБ) кезекші бөліміне таңғы 8 сағат 10 минутта түскен.

Сол мезетте Талдықорған ІІБ-сының жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, әскери комиссариаттың аумағы қоршауға алынды. Басқа қайғылы оқиғалардың орын алуына жол бермеу мақсатында қорғаныс ұйымының ұжымы қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының және басқа да күштік құрылымдардың басшылары жетті.

https://kaz.365info.kz/taldykhorganda-askeri-komissariat-gimaraty-khorshauga-alyndy-308727

Әдетте, сәлемі түзу Алматы облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Мұрат Ұрымханов қасымыздан үн-түнсіз төмен қарап өте шықты.

Ал Оспанов болса, қаруды тапсырып, полицияға берілу туралы үгітке назар аударар емес. Ол, тіпті, көз жасын төгіп, өзіне жалбарынған жұбайының сөзін де құлағына қыстырған жоқ.

Тек өзінің жан досы – қорғаныс істері жөніндегі Талдықорған қалалық басқармасының басшысыс Ерен Мейрамбековтың айтқанына көніп, полицияға берілуге келісті.

Облыстық департамент ғимаратынан шықпас бұрын, ол екінші қабаттың терезесінен қос ауызды аңшы мылтығын сыртқа тастады.

Сөйтіп, сыртқа аяқ басқан ол

– Генерал мырза, айыпқа бұйырмаңыз,

ол мені әбден мезі қылды, орынсыз тиісіп, жұрт көзінше намысымды аяқасты қылып, балағаттайтын, шыдамым таусылды,

– деді айыбын мойындаған Асқар Оспанов Мұрат Ұрымхановқа.

https://kaz.365info.kz/almatyda-y-atys-bir-ylmysker-ol-a-t-sti-215300

 

Қорғаныс істері жөніндегі аудандық басқармалардың бірінің басшысы “Время” газетінің тілшісіне қанды оқиғадан бір күн бұрын Алматы облыстық департаментінде көктемгі әскерге шақыру мәселелері бойынша мәжіліс өткенін айтыпты. Сол отырыс барысында Департамент басшысы Берістенов Оспановты орнынан тұрғызып, бет-көзіне қарамаай, балағаттаған дейді.

Қазір Асқар Оспанов тергеу абақтысында, қамауда отыр. Аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

https://kaz.365info.kz/almatyda-y-atys-215362

Марқұм Бердібек Берістеновтің мәйітін кеше туыстары ұшақпен Шымкентке алып кетті. Талдықорғанда ол жалғыз тұрған екен.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз