Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Өмірзақ Шөкеев елімізде қант жеткілікті екенін айтты

Нәтижесінде, Еуразиялық экономикалық одақтағы қант өндірушілердің барлығы біздің талаптармен келісіп, қаншалықты сұраныс болса соны қамтамасыз етуге келісті.

Бағасы Ресейдің қазіргі нарықтағы бағасынан жоғары болмайды. Яғни, 1 келісі – 35 рубль. Оның сыртында ресейлік және басқа да өңірлердегі қант өндірушілер біздің кондитерлік фабрикаларға бағаны төмендету үшін тендер ұйымдастыруды ұсынды. Біздің ойымызша, ұйымдасқан тендер болатын болса, онда баға біраз төмендеуі мүмкін», – деді министр.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта қант тапшылығын болдырмау үшін қазірден бастап әкімдіктердің жанындағы тұрақтандыру қорларына аталған өнімді сатып алу қажеттігін баса айтты.

«Егер келешекте қанттың бағасы тұрақсызданатын болса, оған әкімдіктер төтеп беруге тұрақтандыру қорлары арқылы ықпал жасауға мүмкіндіктері болуы тиіс. Жалпы келісім бойынша облыстар 10878 тонна қант алуға мүмкіндіктері бар.

Оның ішінде Ақмола облысы – 443, Ақтөбе облысы – 1500, Алматы облысы – 1200, Атырау облысы – 250, Батыс Қазақстан облысы – 283, Жамбыл облысы – 920, Қарағанды облысы – 407, Қостанай облысы – 519, Қызылорда облысы – 430, Маңғыстау облысы – 400, Павлодар облысы – 336, Солтүстік Қазақстан облысы – 436, Түркістан облысы – 1000, Шығыс Қазақстан облысы – 680, Астана қалсы – 574, Алматы қаласы 1500 тонна сатып алмақ.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мұндай көлемде қант алуға мүмкіндіктері, шоттарында тиісті қаражаты бар», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Осы ретте Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне тұрақтандыру қорларына қанттың қажетті көлемін сатып алуды тапсырды.

«Өңірлердегі әріптестер, өздеріңіздің қорларыңызға қажетті деңгейде ақшаларыңызды бөліп, қанттың қажетті көлемін жинап алуларыңызды сұраймын. Ертеңгі күні қант болмады деп шу көтеріліп кетпесін. Қант жеткілікті, жұмыстың барлығы өздеріңізде», – деді Үкімет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз