Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Өлтіріп, ас содасын сепкен”. Анасын өлтірген балаға қатысты сұмдық жағдай жария болды

Басылым хабарлағандай, әйел Талдықорғанда облыстық наркологиялық диспансерде жұмыс істеген. Әріптестері мен науқастар оны жақсы медициналық қызметкер және өз ісінің маманы ретінде біледі. Ол бұл салада 23 жыл істеген.

Қаза тапқан әйелдің әріптестері оның отбасында үш адам: анасы, қызы мен ұлы болғанын айтады. Қызы Алматыда жоғары оқу орындарының бірінде оқыса, ұлы биыл мектеп бітіруі керек болатын. Ол қызының оқуын төлеу үшін негізгі жұмысынан бөлек ақылы емханаларда медбике болып жұмыс істеген.

Әріптестерінің айтуларынша,

ұлы анасының ұйықтап қалуын күтіп, оны тұншықтыра бастаған. Одан кейін қолына пышақ алып, жүрегіне үш рет сұққан, одан соң тамағын кесіп жіберген. Ол анасының көз жұмғанына көз жеткізгеннен кейін жуынып, компьютер клубына барған. Одан кейін үйге келіп ұйықтаған. Таңғы асын ішкеннен кейін анасының денесіне ас содасын сеуіп, кешке қарай полицияға өз аяғымен барып, берілген.

https://kaz.365info.kz/taldykhorganda-11synyp-okhushysy-oz-anasyn-oltirgen-307979

Полиция аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

„Шешеңді не үшін өлтірдің„ деген тергеушілер баланың берген жауабын естігенде өз құлақтарына өздері сенбеген. „Үйде мамамнан басқа ешкім болмады, ал мен кісі өлтіргенде қандай сезімде боласың соны білгім келді„ депті күдікті.

https://kaz.365info.kz/okho-da-studentter-mektep-okhushylaryn-pyshakhtap-ketken-308190

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз