Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-5
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Олимпиадаға баратын спортшылардың тізімі жарияланды

Фристайлдан ел намысын 9 спортшы қорғайды (үш ер адам, алты әйел). Могул сайысында Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия Галышева және Аяулым Амренова өнер көрсетеді. Акробатикада жарыс жолына Маржан Ақжігіт, Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Ақмаржан Қалмұрзаева және Ильдар Бадрутдинов шығады.

Шаңғы жарысында жеті спортшымыз тізімге ілінді (төрт ер адам, үш әйел). Алексей Полторанин, Денис Волотка, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Валерия Тюленева, Анна Шевченко мен Елена Коломина Пхенчханда медальға тартысады.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы жеті спортшыны Олимпиадаға апарады (бес ер адам, екі әйел). Олар – Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғәлиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Мерсаид Жақсыбаев, Анастасия Крестова мен А Йонг Ким.

Коньки тебуден Каннындағы мұз айдынға алты спортшымыз шығады (бес ер адам, бір әйел). Бұл спорт түрінен ел намысын мына спортшылар қорғайды: Роман Креч (500, 1000 м), Станислав Палкин (500, 1000, 1500 м), Артем Крикунов (500 м), Федор Мезенцев (1000, 1500 м, масс-старт), Денис Кузин (1000, 1500 м) және Екатерина Айдова (500, 1000, 1500 м).

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық үш спортшымыз сайысқа түседі (бір ер адам, екі әйел). Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Имамбек өнер көрсетеді.

Тау шаңғы спортынан Қазақстан екі спортшыны тіркеді (ер адам, әйел). Олар Игорь Закурдаев пен Мария Григорьева.

Шана спорты мен трамплиннен секіруден екі спортшымыз өнер көрсетеді. Ел намысын Пхенчханда Никита Копыренко (шана спорты) мен Сергей Ткаченко (трамплиннен секіру) қорғамақ.

Естеріңізге сала кетсек, Пхенчхандағы қысқа Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын шорт-трекші Абзал Әжғәлиев ұстап шығады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз