Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Олимпиада жүлдесіне Қазақстанда берілетін сыйақы мөлшері белгіленді

111

Спортшыларға берілетін қаржылай сыйлық бұрынғысынша доллармен есептелінеді. І-ші орынға- 250 мың доллар, ІІ-ші орынға-150 мың доллар, ІІІ орынға-75 мың доллар, ІV-30 мың доллар, V-орынға-10 мың доллар, VІ-орынға- 5 мың доллар төленеді, – деді ол.

Сондай-ақ паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындар үшін төленетін қаржы көлемі де айтылды.

Онда I-ші орынға – 50 мың доллар төленеді. II-ші орынға- 35 мың доллар, III- 25 мың доллар, IV-V-VI-орындарға- 14, 6, 4 мың доллар шамасында қаржылай сыйлықтар беріледі екен.

Баспасөз хатшысы бапкерлерге де спортшы алған сома көлемінде сыйақы берілетінін нақтылай кетті.

Айта кету керек, сыйақы теңгемен сол кездегі доллар бағамына сәйкес беріледі.

Риодағы жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Қазақстаннан 25 спорт түріне қатысу үшін 105 спортшы қатысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз