Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Өлгім келді”. Илья Ильин спортқа қалай қайтып келгені жайлы ашық айтты

101

 

“Президент Қазақстан чемпионатындағы жеңісімді жайлы естіп, мен үшін қуанғанына сенімдімін. Оған қоңырау шалуға мүмкіндігім жоқ – жеңіске жеткен сайын қоңырау шалады. Оның маған қатынасы қарапайым. Біз жиі кездесеміз. Менің рухани әкемдей. Соңғы рет ол хәлімді сұраған.

Бәрі жақсы деген едім. Дау-дамайдан кейін де маған қолдау білдірген. Ол үшін чемпион болып қалатынымды айтқан, мен үшін үлкен демеу болды”, – деп атап өтті Ильин.

– Сен іштің бе?

“Көп іштім. Қасымда үнемі ішімдік болатын. Шөлмек түбінен жеңілдік таптым демеймін. Өмірге кедергі еді. Ішімдікке салынғаным ата-анама жайсыз тиді.

Менен наградалар қайтарылатыны туралы жаңалық шыққанда… Өлгім келді.

Қонақүйде үш күн жатып іштім. Былтыр жыл басында Израильге бардым, сол жерде өзіме келдім”.

https://kaz.365info.kz/eskertkem-ogan-ilya-ilinnin-anasy-balasyna-okpeli-ekenin-ajtty-287770

Еске салайық, 10 маусымда Ильиннің 2008 және 2012 жылғы Олимпиададағы сынамаларын тексеру қорытындысы бойынша екі жылдық шеттелуі аяқталған болатын. Допинг дауына байланысты ол Олимпиаданың екі алтынынан айырылды.

Қыркүйектің басында Ильин спортқа қайтып оралды, спортшы 102 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионатын жеңді.

 

Дерек көз:Ктк.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз