Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Өлгендер қайтып келе ме? Ауылдағы Айдархан атаның оқиғасы

222

Түрінен көрініп тұр, есі шығып кеткен. Дауысы үрейлі. Дастархан басында отырған бәріміз жапырлап, көрші үйге жүгірдік. Үйдің артындағы қора алдында тұрған арбаның дәртесіне ойланып төмен қарап отырған Айдархан атаны көргенде бәріміздің есіміз шығып кетті.

Жасамысы бар, жасы бар, ешкімнің оған жақындауға дәті шыдамады.

Алыстан анталай қарап тұрмыз. Айдархан атаның үстінде дүниеден өтерде киіп жүрген көнетоздау киім-кешегі . Теріс қарап ойланып отырған ақсақал кенет басын көтеріп, орынан тұрды. Сосын арбаға сүйеулі тұрған ашаны ұстаған күйі, ашық тұрған қораға кіріп кетті. Бұл кезде айналадағы бүкіл көршілер жиналып қалған. Қораға кіруге ешкімнің жүрегі дауаламады.

Жұрт молданы шақыртты. Жиылған жұртқа молда: «Жарықтық, Айдархан құрбым о дүниеден дұрыс орын таппай жүр-ау. Көз жұмарынан біраз бұрын мына жаман арбаны жөндей алмадым-ау. Балалар малға шөпті дұрыс жинай аларма екен, деп қатты қиналып еді. Бұл арба ежелден келе жатқан серігі ғой, осыны қимай қайтып келіп жұр-ау шамасы. Иншалла, түк емес, бірер рет келер, сосын қояр», деп басу айтты.

Құран оқылды. Жиылған жұрт бір-бір кесе шай ішіп, тарасқан.

Одан кейін де сол үйдің адамдары «атамызды таңертен арбаның жаныннан, қораның алдынан көрдік», деп біраз уақыт айтып жүрді де кейіннен қойып кетті.

Шамасы, Айдархан ата о дүниеден бұ дүниеге сапарлап келуді тоқтатса керек.

Дегенмен бәріміздің көкейімізде «өлген адам да жарық дүниені қимай келіп-кетіп жүреді екен-ау», деген түсінік қалып қойды.

Сонда бұл не тылсым?

Жомарт Бекмырза

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз