Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Олар – нақұрыстар”. Жезөкшелерді қуған Жан Ахмадиев сұхбат берді

322

– Жауап бермеймін!

Осы даулы оқиғадан кейін билік жезөкшелікке қатысты арнайы заң қабылдаса, немесе тыйым салса – бұл сіздің жеңісіңіз деп бағалар ма едіңіз?

– Əрине! Қуанар едім!


https://kaz.365info.kz/zhazasyn-alsyn-bayan-zhezokshelerdi-sabagan-zhan-ahmadievti-maskharalady-video-308107

Ол сувенир қамшы еді…

Байқасаңыз, қамшыны көргенде Баян, Байзақовалар сияқтылар ғана шырылдап кетті? Бұл олардың жанды жері шығар? Әлде, олар осындай бұзылған қоғамды қолдайтын қыздар болып тұр ма?

– Жазғандарына, қорғағандарына қарағанда солай сияқты ғой.

Мені күйіндіргені — кейбір аруларымыздың осы жезөкшелікті мамандыққа жатқызғаны. Өсіп келе жатқан ұрпақ көшеде тəнін сатқан қыздардан қандай үлгі алады?

Ертең оқуға түспесем, жұмыс таппасам жезөкше бола саламын дейтіндердің қатары көбейіп кетсе, қайтпексіңдер?

Қызды ұру еркектікке жатпайды деген пікірге қалай қарайсыз?

– Мен бұл əрекетіммен əйелдерді ұрып-соғу керек деп жатқан жоқпын. Біреулер “ол да біреудің қызы” деп қояды. Сол ата-ана қыздарының көшеде тұрғанын біле ме екен? Білмейді, əрине. Білсе, таяқтың көкесі сонда болар еді.

Екіншіден, қолымдағы қамшы тек сувенир. Мен тек оларды көше ортасынан қудым.

Əйелім бар, екі қызым бар. Негізі, қыз баласына қол көтерген азамат емеспін.


https://kaz.365info.kz/sen-kimsin-sonsha-zhezokshelerdi-sabagan-zhan-ahmadiev-bayan-alagozovaga-zhauap-berdi-308194

Жезөкше де азаяды, кептеліс те азаяды

Жезөкшелер неге қаптап кетті? Жезөкшелікті тоқтату үшін нақты ұсыныстарыңыз бар ма?

– Қазақта сөз бар, «жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» деген. Сол себепті, мемлекеттік ауқымда қолға алынса, əрине, жезөкшелік тоқтайды. Немесе, Сейфуллин көшесіне Сайын көшесіндегідей адам жүре алмайтындай етіп көпір салып тастау керек. Жезөкше де азаяды, кептеліс те азаяды. Еркектер де қызға баруын тоқтатса, əрине.

Енді дәрігерлер мен педофилдермен алысамын дейсіз. Оларды да қамшымен сабайсыз ба?

– Уақытында көресіздер!

«Жезөкшелерді сабаған Жан» ретінде тарихта қалып жатсаңыз, бұған қалай қарайсыз?

– Тарихта олай атым қалмай-ақ қойсын!

Бұл əрекетімді көпшілік кері түсініп жатыр. Кім қалай ойласа да, өз еркі. Мен миссиямды орындадым.

Жезөкшелікті жою мүмкін емес деген пікірлер бар. Оған не дейсіз?

– Бұл пікірмен мүлдем келіспеймін.

Кезінде апаларымыз 10 еркектің астында жатты ма? Сол кезде жезөкшелік деген атау да болмады ғой?!

Жою мүмкін емес деп отырғандардың ҚАЗАҚ ұлтына жаны ашымайды. Олар тек «барымен базар», «артын қысқан бай болар» деп жүрген нақұрыстар!

Сұқбатыңызға рахмет!
https://kaz.365info.kz/bejtanys-khatyndarga-sol-yshin-barady-zhan-ahmadiev-tosek-khypiyasymen-bolisti-306128

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз