Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Олар күткен жоқ…”. Саясаттанушы биліктегі ауыс-түйіске қатысты пікір білдірді

Сарапшының айтуынша, екі шенді де лауазымын жоғарлатып, абыройлы болды.

„Әсет Исекешевтің Астана әкімі боп тағайындалуы, шыны керек, күтпеген жаңалық болды. Жалпы, Президент кадрлық тағайындау жасауда осындай күтпеген маневр жасап отырады. Сондықтан оны алдын ала болжау мүмкін емес еді. Есесіне Елбасының мұндай шешімдері саясаткерді тағы бір жаңа қырынан көрінуіне үлкен мүмкіндік тудырады.

Негізінен, Әсет Исекешев шалт қимылымен көрінген шенді емес еді.

https://kaz.365info.kz/ketu-kerek-dosym-satpaev-khazir-khazakhstanda-ne-bop-zhatkhanyn-ajtty-330807

Дегенмен ел оны әлеуметтік желі арқылы жақсы таниды. Желіде ол өте ашық саясаткер ретінде белгілі. Халықпен тығыз байланыс ұстап отырады. Оның үстіне турашыл адам, қаланы дамытуға өз үлесін қосты деп айта аламыз.

Енді Бақыт Сұлтанов өзін қалай көрсетер екен мына жаңа қызметінде. Сол қызық боп тұр.

Меніңше, ол осыған дейін жеткен деңгейді сол қалпында ұстау керек, оны сынақ күтіп тұр. Сондай-ақ, ол мэр ретінде өзінің ерекшелігін көрсете білуі керек”, -деді саясаттанушы Қалиев.

Мұның алдында Мемлекет басшысы биліктегі ауыс-түйістердің мәнін түсіндірген болатын.

https://kaz.365info.kz/ej-tokhta-abilyazov-shvejtsariyada-zhyrsin-ermandy-tanymaj-otip-ketti-330804

Еске сала кетейік, 10-қыркүйекте Әсет Исекешевтің Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалғаны және Әділбек Жақсыбековтің қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Кейінірек Президент Әкімшілігінің басшысы болған Жақсыбековтің “Цесна” корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны хабарланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз