Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Олар да жазалансын…”. Бекболат Тілеуханов Денис Теннің өліміне байланысты министрге жүгінді

156

https://kaz.365info.kz/keshirshi-bizdi-zhanalykh-zhyrgizushisi-tikelej-efirde-zhylap-khaldy-video-324723

Тілеухан депутаттық құзіретін пайдалана отырып, ҚР бас прокуратурасы мен ҚР ішкі істер министрлігінің назарын “ұсақ-түйек” қылмысқа аударды.

“Елімізде, оның ішінде, әсіресе, Алматы қаласында көлік және көлік бөлшектерінің ұрлығы күшейіп кеткені көптен бері айтылып жүр. Кешелі-бері әлеуметтік желіде де өз көліктерінің айнасы қалай қолды болғанын жазып жатқан азаматтардың қарасы көп. Көлік иелері тарапынан жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі жайлы шағымдары да жиі айтылуда. Бәлкім, тәртіп сақшылары көлік айнасын іздеуге тұрмайтын ұсақ-түйек деп санайтын шығар,

бірақ сол “ұсақ-түйек” қылмыстың дер кезінде құрықталмауының қандай өкінішті жағдайға апарып соққанына куә болып отырмыз”, — деді ол.

Қоғам қайраткері ашылмаған қылмыстар бойынша арнайы талдау жасап, қолданылған бөлшектер саудасын қатаң тексеру қажет екенін айтты.

https://kaz.365info.kz/tyk-bolmagandaj-denis-tendi-oltirgen-kydiktilerdin-videosy-pajda-boldy-video-324573

“Құзырлы органдар ашылмаған қылмыстар бойынша арнайы талдау жасауды, қалыптасқан жағдайды жіті назарға алуы қажет деп санаймын. Сондай-ақ, қолданылған бөлшектер саудасына қатаң тексеру мен бақылау керек. Қаладағы бейнебақылау құрылғылары тек айыппұлдарды реттеу үшін емес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс. Дер кезінде қажетті шаралар қолданылып,

өз жұмысына немқұрайлы қараған тәртіп қызметкерлері болса, тиісті жазасын алады деп сенім білдіремін”, — деп жазды депутат.

Бекболат Тілеухан аталған мәселе бойынша құзырлы органдарға арнайы xат жолданғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 19 шілдеде күндіз Алматы қаласының орталығында болған. Танымал спортшы Денис Тен тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған.

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды.

https://kaz.365info.kz/basynan-bir-ret-khylmysker-nyrlan-khiyasov-denisti-khalaj-oltirgenin-ajtyp-berdi-324729

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз