Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Олар басқа, шын тәуелсіз”. Орысша сөйлемейтін ұрпақ өсті

104

Шын тәуелсіз ұрпақ араға 10 жыл салып, тәуелсіздіктің бастапқы кезеңіндегі әлеуметтік-саяси дағдарыстан кейін туылды. Бұлар – 2000-шы жылдан кейін, жаңа ғасырда Тәуелсіз Қазақстандағы қарапайым қазақтардың үйінде дүниеге келген жаңа ұрпақ.

Олар – орыстың тілі мен тәрбиесінен, ықпалынан ада ұрпақ. Әрине, енді бір он жылда кезек шынымен соларға келеді.

Еркебұлан – қазақ тәуелсіздігінің жемісі

Биыл жылдың басында 18-ге енді толған қазақтың жас футболшысы Еркебұлан Сейдахмет Башқұртстанның «Уфа» клубымен кәсіби келісімшартқа отырды. Жаңа ғасырда қазақтың жерінде дүниеге келген жас спортшы ресейлік журналистер мен жаңа клубтағы жаңа ортасы үшін тым таңсық өнім.

Ол орысша сөйлемейді. Орыстың тілінен, мәдениетінен алыс. Тым қазақы, шын қазақы.

Әңгімеге тартып, сыр суыртпақтап көреді: ол қойылған сұраққа «нормальні, хорошо», деп қысқа қайырады.
https://www.instagram.com/p/BeHpn4EARHe/?utm_source=ig_embed
Шынымен де, Еркебұланда бәрі нәрмалный. Өйткені оны өсірген, футбол үйретіп, спортқа тәрбиелегендер түгел қазақ болды. Тараздың қазақтары. Ал, қазақтан мықты бапкер шықпайды деп көріңіз енді, шәкіртін ел Мессиге теңеп жатқанда?!

Еркебұлан сонысымен ерек болып тұр.

Иә, оған дейін Ресей чемпионатында доп тебуге Қазақстаннан талай футболшы барған. Олар ресейліктер үшін алабөтен қызығушылық шақырмайтын. Түрі қазақ демесең, сөзі мен ойы бір жерден шығатын.

Сейдахметті Ресейде толып жатқан басқа клубтар емес, дәл осы Башқұрт елінің командасы аттай қалап алғаны да кездейсоқтық емес.

Қазақ пен башқұрт – ұқсас халық. Олар да көшпенді болған. Керек десеңіз, олар да рулардан тұрады. Олар орыстың боданын көрді, тіпті әлі көріп келеді. Мұнайлы республика әлі де тәуелсіз емес, ресми түрде Ресей Федерациясының құрамында.

Олар сол Сейдахметті көріп, тәуелсіздіктің белгісін көреді-ау, қайран Башқұрт елі…

Көрдіңіз бе, орысша онша білмейтін, онша қатты сөйлемейтін қазақ болудан ұялудың түгі жоқ. Қайта бұл қазақ үшін мақтаныш емес пе, марқұм Гер-ағамыз айтқандай? Ресей енді не дейді?! Тәуелсіз Қазақстанда туып-өскен бала бұл.

Шындығында, қазақ орысша білмеуінен қысылып, ұялу кезеңінен өтіп кетті. Ұялатын кезек керісінше, енді орысша емес, қазақша білмейтін қазақтарға шындап келді-ау. Анау министр Сағадиев, мынау бас банкир Данияр Ақышевтар ұялсын. Сол сияқтылардың 2000-шы жылы туылған ұл-қыздары ұялсын.

Қашан да ештен кеш жақсы.

https://kaz.365info.kz/yyat-aj-daniyar-akhyshevtyn-khazakhshasyn-kharanyz-304640

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз