“Жұлдызды жекпе-жек” сайысында әділетсіз жеңіске жетті деп ел шулаған Әбдіжаппар Әлқожаның әпкесі әнші Роза Әлқожа өз пікірін ортаға салды.
Әнші көптен сайысқа қатысқан інісі Әбдіжаппарды тектен текке қараламауды сұрап, желіде жазба жариялады.
“Қайырлы түн! Кеше “Жекпе-жекті” көре алмай қалдық. Байқауға қатысып бақ сынау деген қиынның қиыны.
“Даланы биіктетем деп тауды аласартып алатын” біздің ел, тіпті қиын.
Жүгіріп жүріп, секіріп жүріп əн айту, оның үстіне өте жылдам, жаңылтпаш сияқты əнді айту оңай емес. Бап та, ат та емес, бақ шабатын сайыста өзіңді жоғалтып алмау басты шаруа. Қалайда, қатысқаның үшін, батылдығың үшін ризамын! Ал, бізде əділ-қазылар барлық уақытта əділ емес деп айтылады!”, – деп жазады әнші желідегі парақшасында.
https://kaz.365info.kz/dimashty-da-ostigen-bespaev-zajytov-khysap-maskhara-boldy-video-311493
Айта кетейік, Мейрамбек Беспаев төрағалық ететін “Жұлдызды жекпе-жек” бағдарламасында әнші Әбдіжаппар мен Әміре бақ сынасты.
Әміре жуырда „Славьян базары„ халықаралық байқауына барғалы отырған „алтын дауысты„ бала. Бағыты – классика. Ал Әбдіжаппар Әлқожа ортаңқол, той әншілеріне келеді. Міне, әділқазылар келесі кезеңге осы Әбдіжаппарды өткізіп жіберді.
https://kaz.365info.kz/sondaj-anshi-endi-rinat-zajytov-dimash-turaly-ojyn-ashykh-ajtty-video-303921
Бұған наразы кейбір көрермен желіде өз наразылықтарын білдірді.
„Той бизнес жеңді„ деп жазды ашуланған жұрт. Ал осы сайысқа төрағалық еткен Мейрамбек Беспаевты кезінде Димашты төмендеткен Ринат Зайытовқа ұқсатты.