Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ол зұлмат еді: қазақ жерінде адамның етi пұттап сатылған…

210

«Аштарға көмек комиссиясының жұмыс қорытындысы» бойынша, Қазақ Автономиялы республикасының бес губерниясында 1 миллион 559 мың адам аштықтың тырнағына iлiнiптi. Қазақ Республикасындағы баспанасыз, қаңғып қалған балалардың саны 1 желтоқсанда – 128 мыңға, 31 желтоқсанда – 158 мыңға, 1922 жылдың қаңтар айында 333 мыңға, наурыз айында – 408 мынға жетiптi. Бұлар тек есепке алынған аш балалар. Ал қалаға жете алмай, далада сүйегi шашылып қалғандар қаншама десеңшi.
https://kaz.365info.kz/asharshyly-shyndy-y-aza-dalasy-lttar-laboratoriyasyna-alaj-ajnaldy-207879
Сол кезде Орталық комитетке қаратыла жазылған мына бір ресми құжатта:

«Ит пен мысықты ұрлап, сойып жеу – шын мәнiнде iндетке айналды. «Бiр кесiм ет үшiн» бiрiнiң жағасын бiрi жыртқандар көшеде жыртылып айырылды. Өмiрдiң өзiнен алынған шындықтың сиқы осындай: қу құлқыны үшiн, күн көруi үшiн әлгiндей бiр хайуанның соңынан бiрнеше адам жүгiрiп бара жатады. Қалайда тiрi қалудың қамын жасап, жансебiлдiкпен жанталасқан әлгi адамның өмiрге құштарлығын түсiну үшiн оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезiндегi қуанышын көрсеңiз ғой, аштықтың қасiреттi сайқымазағын сонда түсiнесiз.

Жол жиегiнде өлiп жатқан, өлiп бара жатқан адамдарға әлгi «жансебiлердiң» өзi қарауға қорқады, өйткенi келесi сәтте оның өзi де соның кебiн құшуы мүмкiн. Иә, ол да ғажап емес…

Сотта бiрде тұрақты түрде адамның етiмен қоректенген үш адамның iсi қаралап жатса, келесiде адамның етiн пұттап сатқанға үкiм шығарып жатады.

Мiне, дәл осындай көрiнiстен мағлұмат берген Орал губерниясындағы Елек аудандық аштарға көмек комитетiнiң 1922 жылғы 14 қаңтарындағы есебiнде: «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсiресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар.. Аштар өлгендердiң етiн жеп жатыр», – деп жазылған екен.

Адамның жанын түршіктіретін нағыз сұмдық емес пе? Иә, қазақ осындай «мың өліп, мың тірілу жолынан өтті.

Бірақ аман қалды. Тәубә!

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/myanma-dejsizder-4-mln-khazakhty-khyrgan-stalin-khylmysyn-khalaj-zhasyrganyn-bilesiz-be-279084

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз