Анамның қолдауымен Серікке қайтып бармадым. Оның әке-шешесі Қызылорда жақта. Ол әлі сол Қапшағайда баласы жоқ бір тәтесінің қолында тұрады. Күзетке жұмысқа тұрыпты.
Жақында мен ойланып, оған жарайды қосылайық деп едім. Бірақ, кешігіп қалыппын.
“Суынып кеттім, мойынсұндым сендердің жоқ болғандарыңа, үйрендім, қажет емес“, деді.
Бірақ қызын көруге келіп тұратын.
Жұмыс ауыстырған едім.
Сол жерде Данил есімді орыс жігітімен таныстым. Көзі теңіз түстес, әдемі жігіт. Бір қызы бар екен,
әйелі ішкілікке салынып, көзіне шөп салған көрінеді.
Сөйтіп екі жыл бұрын қызын Данилға тастап өзі басқа еркекке кетіп қалыпты.
Екеуіміздің тұратын жеріміз бір бағыт болған соң жұмыстан кейін күнде мені үйге ала кетіп жүрді. Үш ай бойы күнде таңертең алып кетіп, кешке апарып салып жүрді. Жұмыстағылар екеуімізді әлдеқашан қосып қойған. Достығымыз сүйіспеншілікке ұласып, ақыры тұрмысқа шық деп өтініш жасады. Алдында анасы қайтыс болған, бес жасар қызымен таныстырған, ол да маған далбалақтап тұрады.
Міне, соңғы екі ай Данилмен бірге тұрып жатырмыз. Менің қызымның да Данилға көзқарасы жақсы. Екеуі тез-ақ тіл табысып кетті.
Мінезі сабырлы, не нәрсені ойланып, ақылға салып шешеді. Әркез жаны ашып тұрады. Екеуімізге бір жерде жұмыс істеуге болмайды деп шешіп, мен тағы жұмыс ауыстырдым.
Енді міне, Данил маған ресми түрде тұрмысқа шық деп қолқалап жүр. Мені анаңмен таныстырмайсың дейді. Жақында өзі сүндетке отырмақшы.
Дәл осы кезде Серік те келуін жиілетіп кетті. Құмар ойнағанды қойыпты. Астында көлігі бар. Өзі қалағандай емін-еркін таксоват етіп жүр екен. Әкесімен кездескен қызым Данил туралы айтқан болу керек,
— Не қазақ жігіті табылмады ма?
— Жоқ, не шаруаң бар?
Серік енді қызыма келдім деп, екі күнде бір келіп тұратын болды. Данил мені Серіктен қызғанып, мен жоқта үйге ешқандай еркек кірмесін деп шарт қойды. Оны да түсінемін.
Бұрынғы күйеуім де маған бір нәрсе айтқысы келетін сияқты. Көзінен байқалады. Қайтадан ашылып сөйлесіп, жаңалықтарын айтып, әңгімеге тартқысы келеді. Әлі де талмасы тоқтамапты. Айына бір рет бәрібір құлайды екен. Жаным ашып кетті.
Неге өзге ұлт жігітін таңдағанымды білмеймін. Бірақ оны жақсы көретінім хақ.
Дегенмен, онымен қосылуға қадам жасатпай тұрған бірнеше себеп бар. Біріншіден, менің одан бес жас үлкендігім бар. Екіншіден, кейіннен оның қызын тәрбиелеу жауапкершілігінен қорқамын. Үшіншіден, анам қарсы, осылай жүре бер, тұрмысқа шықпа дейді. Жалпы, анам Серікпен қайта қосылуыма да үзілді-кесілді қарсы.
Не істесем екен? Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуыма бола ма?
Серік менің басқа еркекпен көңіл жарастырғанымды көрді, қайта қабылдай ма екен?
Қандай шешім қабылдарымды білмей дал болып отырмын. Кеңес беріңіздерші…
Дина