Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Ол сізді «сорып» жүр! «Энергетика вампирі» деген кім?

188

Энергетика вампирі – бұл қарапайым, тіпті күнделікті жаныңызда жүретін адам (ондайлар көп); олар елден ерек ештеңе жасамайды (бақсы-балгерлік қасиеті жоқ); қоғамдық тәртіп нормаларын бұзбайды, айқайлап, ұрыс-керіс те шығармайды, керісінше жаны ашып жүргені:

  • Жаным, бәрін сені сүйгендіктен жасаймын ғой! Бұл өмірдегі барлық тірлігім, әрекетім тек өзің үшін. Сен үшін өмір сүрем, жұмыс жасаймын, ақша табамын!
  • Жаным-ау, осының бәрін сізге жаным ашығаннан жасап жүрмін ғой. Мен болмасам көрер едің күніңнің қараң боларын!
  • Мінекей менің сыйлығым, міндетті түрде қолдан!
  • Сенің жасай алмай жатқаныңы көрдім (енді қолыңнан келмейтіні көрініп тұр ғой), міне саған көмектесіп, өзім-ақ жасап тастадым!
  • Мә, ала ғой, саған сорпа жасап әкелдім, менсіз аш отырған боларсыңдар!

Энергетикалық вампирді қалай анықтауға болады?

  • Оны келгеніне небәрі 1 секунд болды, ал сіз оны ұрып-ұрып, мылжа-мылжасын шығарып, сорпасын басына төңкеріп, қуып шыққыңыз келіп тұрса, бұл ДӘЛ ӨЗІ!
  • Ол тіпті ештеңе жасап үлгермеді, сөйлемеді де көп, ал сіздің қаныңыз қайнап, басыңызға шығып тұр!
  • Оны көргенге дейін көңіл күйіңіз алып ұшып, энергияңыз тасып тұрды. Көп болса, 10-15 минут сөйлесіп, әл-күшіңіз таусылды да қалды. Тіпті өмірдің өзінен түңілгелі тұрсыз.
  • Онымен кездесуден соң, еш себепсіз ашушаң болып кеттіңіз, өзіңізден өзіңіз біреуге тиіскіңіз келіп тұр. Тырнадан ашуын алатын таздайсыз, қысқаша айтқанда

Олар қайдан шығады?

Бақытсыз балалық шақтан, ұрыс-керіс, айқай-шу көп болатын отбасыдан, назар жетіспейтін баладан. иә, мүмкін ол өзіне тиесілі махаббатты, назарды жылап-сықтап, қиқарлығы мен еркелігіне басып қана алған шығар.

Не істеу керек?

  • Еш жағдайда онымен ұрысуға, төбелесуге болмайды!
  • Ешқандай конфликтке баруға болмайды: вампирге керегі де сол, сіз айқайлағанда ол сол мейірбан күйінде қалады!
  • Берген сыйлықтарын қалдырмауға тырысыңыз, тезірек құтылыңыз!
  • Кейін өзіңізге қарсы пайдалануға болатын ақпаратты, сырыңызды айтпаңыз! Вампирлер адамдарды шағыстырудан да ләззат алады.
  • Өзіңізді жақсы көріңіз! Өзіңізге сенімді болыңыз!
  • Адамдарға «жоқ!» деп айтуды үйреніңіз!
  • Энергетикалық вампир сізбен қарым-қатынасын дұрыстайды деп үміттенбеңіз. Бұл тек кезекті ойын ғана болуы мүмкін.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз