Экономист Меруерт Махмұтова қатырды. Еліміздегі тағы бір ауыр шындықты жайып тастады өз парақшасында. Күлкілі нәрсе екен. Былай дейді:
Телеарнадан қоңырау шалды журналистер: “сізді ертең Астана халықаралық қаржы орталығы (МФЦА) туралы ток шоуға шақырайық деп едік“.
МФЦА – мәнсіз де мағынасыз, түк пайдасыз идея. Оған инвестиция ретінде салынатын 60 млрд теңгеден бюджетке бір тиын да пайда келмейді.
Лондон, Нью-Йорк, Сингапур мен Гонконгке ары-бері ұшып барғандарынан бізге инвесторлар қаптап келе қоймас.
МФЦА құра қояйық деген идея – Астанадағы атышулы Эксподан кейін қаңырап бос қалған ғимараттарды бірдеңе қылып пайдалану үшін және санкцияға түсіп қалған ресейлік олигархтардың капиталын тарту үшін ғана (МФЦА Стратегиясындағы 5-ші бағыт) ойлап табылған қулық.
Ал Ресей олигархтарынан ақша алу өте қауіпті!
Сондықтан сендердің ток-шоуларыңа бармай-ақ қояйын. Толкы жоқ одан.
Менің сөздерімді жазып алғандарыңмен, сосын эфирге бәрібір шығара алмайсыңдар ғой.
Мен үшін де, сіздер үшін де бос әурешілік болады”.
Тұтқаның ар жағындағылар ойланып қалды кәдімгідей. Сосын өздері келісті: “рахмет, мұны ескертіп қойғаныңыз үшін”.
Негізі бірақ, күлетін нәрсе емес. Осындай былықтар шетінен ашылып, түзеле берсе – Қазақ елі қазіргіден де жақсарып кетеді емес пе?
Ипотека емес, құлдық. 25 жылда ол үйіңіз құлап қалады — Меруерт Махмұтова