Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

«Ол мені менсінбей кетті» – Төреғали сияқты бір әншінің әйелі

289

Тимур екеуміз бір мектепте, бір сыныпта оқыдық. Ол да, мен де өнерге жақын едік. Сыныпта оқып жүріп, әртүрлі байқауларға қатыстық. Домбыра тарттық, ән айттық. Мен ауыл, қала берді аудандық «қыз сыны» байқауының бас жүлдегері атандым. Тимур да «жігіт сұлтаны» атанып, шалқып жүрді.

Рас, ол мені, мен оны сүйдім. Былайғы жұрт бізді бүгінгінің «Төлегені мен Жібегі» атайтын. Содан не керек, мектепті бітіріп, студент атандық. Алғашқы курста жүріп шаңырақ құрдық. «Универді» бітірген кезде екі баламыз болды. Бақытты отбасы едік.

Жұмыс Шымқаладан шыққан соң, елге оралдық. Бәрі де дұрыс секілді еді.

Қырсық былтырдан басталды

«Айлығым аз» деп Тимур жұмыстан шығып, мейрамхана, кафелерде ән айта бастады. Мен үйде баламен отырмын. Кейде өңіміз тұрмақ түсімізге кірмейтін ақша алып келіп жүрді.

«Шымкентте менің әнімсіз той өтпейтін болды», деп кейде желдей есіп отырады.

Бұрындары ішімдікке үйір емес, еді. Соңғы кезде қызып келетін болды.

«Тойда танысқан үлкен «ағалар» мені Алматыға, Астанаға шақырып жүр. Енді Шымқалада шырмалып қала алмаймын. Ән жаздырамын, үлкен сахналарға шығамын.

Анау Қайрат, Төреғалилардан кеммін бе? Оларда жоқ бой, түр-сымбат менде бар.

Қазірдің өзінде Шымқаланың бүкіл қыз-келіншектері мен десе өлетін күнге жеттті», деп бір күні ішіп келіп біраз әңгіме айтты.

Тағы бірде «тамағың дәмсіз. Ішінде жүн-жұрқа жүр ме, не пәле. Балалардың да , өзіңнің де үстілерің кір. Жуынбайсыңдар ма? Денең тер сасиды. Қалай бұрын құшақтап жүргенмін», деп тиісті.

Үндемедім. «Азамат қой. Жұрттың жылы сөзіне жаны семіріп жүр ғой. Әлі-ақ қоятын шығар» деп сабырлық сақтадым. Бірақ Тимур күнен-күнге түрлі сылтау айтып тиісе берді.

Кейде «тойға Сарыағашқа, Түркістанға, Арысқа кеттім» деп апталап үйдің бетін көрмейтін болды.

Бір күні «Алматыға барамын. Ән жаздырамын. Клип түсіремін» деп тартып тұрды.

Ақыры жарты ай өткенде «мынау менің клипім» деп жартылай жалаңаш мықын биін билеген бір топ қыздың ортасында ән айтып, ана қыздардың денесін түртпектеп тұрған бір клипін салып жіберіпті.

Біртүрлі болдым. Қызғаныштан жарыла жаздадым. Балаларымды жетелеп артынан іздеп барғым да келді. Бірақ намысым жібермеді. Соңғы кезде Тимурдың түрлі қылықтарына куә болып, одан сырт айнала бастаған туғандарым сол клипті көрген соң «басыңды қатырма, одан ажырас. Ол саған енді күйеу болып жарытпас. Жын-ойнақ жасап жүре берсін. Басың жас. Балаларыңды өзіміз қараймыз. Бәлкім, бақытты басқа жақтан іздерсің», деп ақыл айта бастады.

Тимурға телефон шалып, ақылдасайын десем, «қайта-қайта звондап басымды қатыра берме. Шығармашылығыма бөгет жасайсың.

Шабытымды құртасың. Әншінің әйелі болдың ба, бәріне шыдайсың. Ойнап-күлем бе, жүрем бе, өзім білемін! Кейін Алматыға көшіріп аламын», деп телефонды өшіре салады.

Әке-шешесіне жағдайымды айтып едім,

«біздің тұқымнан да бір әнші шықсын. Бөгет жасама. Байсырап бара жатсаң, басқа байға тиіп ал», деп ұрсып берді.

Екі оттың ортасында қалдым. Не істеймін? Білмеймін. Екі бала туған мен әлі жаспын. Жиырма беске енді толып жатырмын. Түр-сымбат баршылық.

Балаларды үйге тастап, мен де ән айтып кетсем бе екен? Жартылай жалаңаш әдемі денемді көрген «қалталы ағалар» бірден маған «қармақ салып» көтермелеп кетері анық.

Бірақ тәрбие көрген қыз болған соң,ондай қадамға тәуекел ете алмай отырмын.

Айдана Ермахан
https://kaz.365info.kz/jeli-nshi-bolmasyn-foto-247538

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз