Жаңа жыл қарсаңында әншілердің жеке мерекелер мен корпоративтерге шығып ән шырқауының сомасы аспандап кетуі әбден мүмкін.
Желтоқсан мен қаңтар айының бастапқы күндері- әртістердің белсенді жұмыс істейтін кезеңі. Қаламақылар жеке жаңа жылдық корпоративтерге келгенде геомериялық прогрессияда өсіп жатады.
Караван тілшілерінің журналистік зерттеулеріне сүйенсек, қалта көтерерлік қаламақы әнші Сандада ғана екен. Ол кешіңізді бар болғаны 500 мың теңгеге гүлдендіріп бермек.
Newtimes.kz деректеріне сүйенсек, Айдана Меденова жаңа жылдық корпоративте өнер көрсетуіне 2500 АҚШ долларын сұрап отыр. Оның ән шырқауы бар болғаны 20-25 минут созылады екен. Ал, басқа қаладан болсаңыз, ұшақ билеті мен екі адамға арналған тұрақ табу өз мойныңызда.
Кәмшат Жолдыбаева корпоративіңізде 900 мың теңгеге ән салып береді. Сыбыстар бойынша, аталған баға 5 ән үшін ғана екен.
Мәдина Сәдуақасова үйлену тойларында 500 мың теңгеге ән шырқап берсе, жаңа жылдық кештерде 3000 АҚШ долларына шырқайды екен. Алайда, әнімен 20-25 минут қана құлағыңыздың құрышын қандыра аласыз. Қажет болған жағдайда, бизнес және эконом класстағы 2 орын, ал қонақүйден 1 қарапайым стандарт номер, 1 люкс номер алып беруге міндеттісіз.
Ал әлеуметтік желідегі Instagram, Kaztwitter,Instavideokz парақшаларындағы ақпараттарға сәйкес келесі әртістердің қаламақасы мынадай екен:
Әли Оқапов мерекелік кеште өнер көрсетуі үшін 1 миллион 200 мың теңге сұрап отыр. Басқа қаладан болсаңыз, ұшақ билеті мен қонақ үй бағасын да сіздің қалтаңыз көтермек.
Ерке Есмахан үйлену той немесе жаңа жылдық кештерде 1 миллион теңгеге ән шырқап бермек. Оның репертуарында 6 той әні бар. Жақсылап көңіл көтеретініңіз айдан анық.
Ал Луина болса үйлену тойға 800 мың теңге, ал жаңа жылдық іс шараларға 1,5 миллион теңге қаламақы сұрайды.
Sputniknews мәліметтеріне сүйенсек, Мақпал Исабекованы корпоративіңізге шақырғыңыз келсе, қалтаңызда 4000 АҚШ доллары міндетті түрде болуы қажет. Өнер көрсету уақыты-20-30 минутқа созылмақ.
Ділназ үйлену тойға 2500 АҚШ долларын сұраса, жаңа жылдық кештерге екі есе үлкен қаламақы сұрап отыр.
Тізімдегі ең қымбаты Қайрат Нұртас болып шықты. Оның үйлену тойда өнер көрсетуі 7000 АҚШ доллары болса, корпоративтерге бұл сома 10000 АҚШ долларына дейін өседі екен. Ұшатын жағдай болса, Қайрат Нұрта тек бизнес-класс, ал қонақ үйде тек қана люкс нөмерде жатқанды қалайды екен.