Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Ол бәрін көріп тұр…”. Денис Теннің достары өз өкініштері туралы айтты

Денис Тен балаларын өз баласындай көрген құрбысы Айгеля жанының жарасы іштен жегідей жеп бара жатқаны туралы жазды. Естеріңізге сала кетсек, марқұм спортшы әлеуметтік желіде балалармен бірге түсірген видеосын жиі бөлісетін. Оларға “Қазы” деп аталатын жылқы туралы ертегі айтқанды ұнататынымын деп әзілдейтін.

“Осыдан бір ай бұрын мен әлі күнге дейін қабылдай алмай жүрген қайғылы оқиға болды. Сырт көзге жан жарамды көрсетпеуге тырыссам да, оның өмірімнің соңына дейін іштей жегідей жейтіні анық. Осы жазылмас жара менің санам мен тәнімді басқа әлемге жетелейді. Бір сәтте Денис бізге белгілі бір тапсырмалар беріп, өзі уақытша кетіп қалғандай көрінді.

Ал қазір біз өзімізді жинақтап, солардың барлығын Денис секілді мінсіз етіп орындап шығуымыз қажет. Меніңше, Денис дәл қазір барлығын көріп, сезіп тұр. Мейірімді жандар, жылы сөздеріңіз, шынайы пікірлеріңіз және жекеме жазған хаттарыңыз үшін көп рахмет”, — дейді марқұм спортшының жан достарының бірі Айгеля.

Танымал продюсер Алуа Қонарова өз кезегінде Денис Теннің өз өмірінің құнымен адамзатқа ой салып кеткенін жеткізді.

“Сен, расымен де, артыңда көп ой мен эмоция қалдырдың. Санамызды 360 градусқа бұрдың десек те болады. Ең өкініштісі, мұны өз өміріңнің құнымен жасадың. Жаны жайсың жаным, сенің кіршіксіз таза жаның жай тапсын”, — деп жазды алуа Қонарова.

Бұл қайғылы оқиғаны әлі де қабылдай алмай, қылмыскерлерді іздеп табу үшін барын салып жүргендердің қатарында танымал актер Санжар Мәдиев те бар. Ол куәлік етуден қашып жүргендерге ренішін білдіріп, оларға бақыт тіледі.

“Дениссіз өткен 30 күн. Тергеушіге барып қайттым. Жуырда тергеу нәтижелерін жариялайды деп ойлаймын. Ұсталғандар куәлік етіп, куәгерлердің көбісін ұстап, олардан да жауап алды. Ешқайсысын түрмеге отырғызып қойған жоқ. Ал сол қайғылы оқиға болған сәтте Денистің тура жанында болып қашып кеткен “спортшыға” бақыт пен табыс тіледім. Ең болмаса, жақсы спортшы болшы”, — деді Санжар Мәдиев.

Ал журналист Дина Төлепберген өмірдің мұнымен тоқтап қалмайтынын айтып, күнделікті өмірде осалдық танытпауға шақырды.

“…Мұның барлығын не үшін жазып отырмын. Кейде өзім жүзуден, ал ұлым мәнерлеп сырғанау спортынан бас тартқысы келеді. Өмір дәл осы секундтарда, километрлерде және т.б.-ларда тоқтап қалмайды. Бірақ бүгін бір нәрседе осалдық танытсаң, ертең бұл тағы жалғасын табады. Ақыры күндердің бір күнінде көлікпен жүріп бара жатқандардың шаңын жұтып отырғаныңды түсінесің. Олай болса шешім қабылдаңыздар. Жүресіздер ме әлде жай ғана бақылап тұра бересіздер ме? Сіз және сіздің балаларыңыз”, — дейді журналист Дина Төлепберген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз