Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Өкінішке қарай…”. Азиадада ел намысын қорғаған қазақ боксшысына қиянат жасалды

https://kaz.365info.kz/aziyada-ojyndaryna-khatysyp-zhatkhan-eldos-smetov-shygyl-auruhanaga-zhetkizildi-329752

“Мен өз шәкіртімнің жекпе-жегіне көңілім толды. Ол кеше жаман жұдырықтасқан жоқ. Барынша ел намысын абыроймен қорғауға тырысты. Қарсыласынан үш раунд бойы басым болды. Өкінішке қарай, төрешілер шешімі басқаша болды. Артынан осында жүрген әріптестеріміз Қайратқа қиянат жасалғанын айтып жатты.

Қытай, жапон спортшылары да, бапкерлері де бізге Қайраттың қарсыласының жеңісіне күмәнмен қарағанын айтты. Бірақ, ол да осал боксшы емес, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы. Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жүрген боксшы.

https://kaz.365info.kz/iygy-shykhkhan-aziya-birinshiliginde-zheniske-zhetken-baluan-eldi-syjsintti-video-329743

Кезінде Серік Сәпиевке, Бақтияр Артаевқа да осындай қысымдар жасалған болатын. Бірақ, олар сол төрешілердің қиянатынан қирап құлап кеткен жоқ. Артынан талай биіктерді бағындырды. Олимпиада чемпионы болды.

Сондықтан, бір сәтсіздікке бола біз мойынсұнайық деп тұрған жоқпыз. Қайрат әлі отызға да толған жоқ. Алар асуы әлі алда деп сенемін. Бізде Олимпиада, әлем чемпиондары санаулы ғана. Сол санаулы боксшылардың бірі осы – Қайрат Ералиев, – деді бас бапкер.

https://kaz.365info.kz/zhankyjerlerdi-khyrmettemejtin-otirikshi-golovkin-kanelony-sybap-tastady-329746

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз