Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-24
USD
515
-10.00
EUR
545
-7.59
RUB
5.17
+0.03

Оқушылар екінші тоқсанда мектепке орала ма? — министрдің жауабы

211
Иллюстративтік сурет: Екатерина Петрова / «Русский репортер»

Бұған дейін билік бірінші тоқсанда оқушыларды қашықтан оқыту форматында қалдыру туралы шешім қабылдады. Көптеген мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған кезекші сыныптар жұмыс істейді. Оқушы саны аз ауыл мектептерінің әдеттегі форматта жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

«Екінші тоқсандағы оқыту жүйесіне қатысты тағы бір-екі апта күтуіміз керек, науқастардың саны мен балалар арасында аурудың жиілігін анықтап қарап, комиссияға шығарамыз. Шешім күн сайын қанша жағдай анықталатынына байланысты болады», —

деген министрдің сөзін Sputnik келтірді.

Республика бойынша 7 мың мектептің 3 мыңға жуығы қалыпты режимде жұмыс істейді, 2,6 млн оқушы қашықтықтан оқиды, дәстүрлі форматта — 800 мың оқушы, оның ішінде 250 мың оқушы ауылдық жерде білім алуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз