Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

ОҚО-ның 3 ауданында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Шаруа ұрланған сиырдың құнын 300 мың теңгеге бағалап отыр. Осы қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Ордабасы АІІБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 7 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топты ұсталды. Олардың барлығы да Шымкент және Ордабасы ауданының 1990,1991, 1994 және 1995 жылғы тұрғындары. Тергеу барысында ұсталғандардың Ордабасы, Бәйдібек және Қазығұрт аудандарындағы мал ұрлығының 20 жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 6 миллион теңгеден асып отыр.

Полицейлер анықтағандай, қылмыстық топты 23 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны бір жүйемен басқарып отырған. Топтың әрбір мүшесінің өзінің қызметі болған. Бірі жәбірленушіден мал ұрлап алса, екіншісі оны сатып отырған, енді бірі ұрлыққа жөн сілтеуші болған. Қарақшылар адамдардың үйінде жоқтығын пайдаланып, мал қорасы мен жайылым жерлерінен ірі қара малдарын ұрлаған. Ұрланған малдарды күдіктілер сатып, ақшасын қажеттіліктеріне жаратып отырған. Тергеу барысында жедел ізкесушілер ұрланған малдарды сатып алып отырған адамды ұстады.

Аталған жайттар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. 262 бабының 1 және 2 тармағы «Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару» және 188 бап «Ұрлық». Жиналған материалдар процессуалды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Қазіргі таңда соттың шешімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың басқарушысы 23 жастағы Дауренбек Қойшыман 7 жылға сотталды, ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа қатысушылары 5,8 жылға бас бостандығынан айрылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз