Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-5
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

ОҚО-да бір жылда 78 мыңнан аса сәби дүниеге келген

2017 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндаған департамент басшысы облыстағы тұрғындардың саны 2 млн 923 мыңнан асқанын атап өтті. Сөйтіп халық саны бойынша оңтүстік өңірі  алғашқы орынға тұрақтаған. Бұған тікелей табиғи өсім, яғни халықтың туғандар мен өлгендер санының өзгеруі және көші-қон өсімі (келгендер және кеткендер) әсер еткен.

«Өткен жылғы қаңтар-қарашада көші-қонмен облысқа келген халықтың саны 23 956 адамды құрады. Оның ішінде 22 556 адам Қазақстанның басқа облыстарынан, 1293 – ынтымақтастық елдерінен, 107 адам – алыс шетелдерден келгендер», – деді Айдар Әбілдабеков.

Ал, халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 43 509 теңгені құраған. Жұрттың ақшалай шығыстарының 95,8 пайызы тұтыну шығыстарына, яғни азық түлік және азық түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтерге тиесілі болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз