Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

ОҚО-да бір әйел 6 жастағы баласын өлімші етіп сабап, комаға түсірді

Тәртібімен де, сабағымен де озат оқушылардың қатарында жүретін бала туған анасынан таяқ жеп, ауруханаға түсіпті дегенді естіген мұғалімдері де аң-таң. Айтуларынша, 6 жастағы Мұрат қойдан жуас, ал анасы тым мейірімді көрінетін дейді.

“Ондай ешқандай ауытқушылық ондай ештеңе көрген емеспін. Баласына барлық жағдайды жасаған. Сұраған заттарын алып беретін. Түгел оқу құралдары түгел. Бұрын-соңды Мұрат сабаққа келген кезде дене жарақаты көрінбеген бет әлпетінен, қолынан, еш жерінен”, – дейді мұғалім Сәуле Байымбетова.

Жексенбі күні 6 жастағы ұлын өлімші етіп сабаған Нәзира Бекбаеваның өзі Ханқорған ауылында тұрады. 8 жастағы қызы және 6 жастағы ұлымен бірге ағасының үйін паналап жүрген жалғызбасты ана жұмыссыз болған екен. Бірге тұратын туыстары үйінде болмай шықты. Ал ағайындары Нәзираның жастайынан әке-шешесінен айырылып, ата-әжесінің қолында өскенін айтады. “Онша араласа бермейміз” десе де, енді алыс-жақыны жиылып қарындастың бұл ісін өздері де қарамақшы.

Назираның өзі қазір қамауға алынған. 2 сынып оқитын үлкен қызы туыстарының қолында екен. Ал анасынан таяқ жеп, о дүниеге аттана жаздаған Мұраттың өзі жансақтау бөлімінде. Есін бүгін жиыпты.

“Миға зақым кеген. Сол бүйрекке зақым келген. Кома дейді, есінен танып қалу үшінші деңгейде. Тыныс жетіспеуінің 3-ші дәрежесінде болған. Травма, геморрогический шокта келген”, – дейді реаниматолог-дәрігер Еркін Сарманов.

Дәрігерлер Мұраттың өміріне енді қауіп жоқ дейді. Ал қамауда отырған анасы баласына неліктен тым қатыгездік танытқанын түсіндіріп жатыр. Мұрат толық сауығып шығам дегенше тірі жетім атануы да мүмкін. Себебі, үстінен “денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру” бабы бойынша іс қозғалған Нәзира Бекбаеваны енді аналық құқығынан айыру мәселесі де қарастырылуда.

Today.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз