ОҚО-да 14 жастағы жасөспірім 6 жасар балға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсетті деген күдікке ілінді.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Оқиға 4 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау ауданында көшеде болған. ОҚО ІІД баспасөз қызметі осы деректі растап отыр.
“Осы дерекке қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (“Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері”) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды, сараптама жүргізіліп жатыр, соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады”, – деді полицейлер.
“Ол полицияға жеткізілді, онымен қылмыстық істің қажетті тергеу шаралары жүргізілді”, – деді ІІД өкілдері.