Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Ойбай, орыс тілінен айырылсақ – құримыз!» – орыстілді бір қазақ байбалам салды

157

Білесіз бе, ол не дейді? Аударып берейікші. О кісі былай дейді:

«Қазақ қоғамы әдетте «нағыз қазақтар» мен «шала-қазақтар» болып екіге бөлінеді. Тарихи-мәдени солай қалыптасты. Оны мойындауымыз керек еді, бірақ әлі мойындамаймыз. Сөйте тұра, орыстілді қазақтар өздеріне жабылатын «шала» деген кемсітушілікті қабылдағысы келмейді. Олар қазақ ұлтының дамуына қосып жатқан өзінің интеллектуалдық үлесін қазақтілді адамдардың үлесінен еш кем санамайды», — деп бастайды журналисіңіз өз толғауын.

Толеген Сериков қазір қоғамның барлық саласында қазақ тілінің халыққа күштеп таңылып, мәжбүрмен енгізіліп жатқанына қапалы. Бұларыңнан түк шықпайды, деп ескертеді.

«Иә, кей өңірлер шынында да қазақи. Телеарналарда да эфирдің 50 пайызы қазақша болуы керек деген саясат бар. Болашақта бәрі қазақша болады деген жоспарлар да жоқ емес. Шынын айтайыншы, Қазақстанда түбінде орыс тілін толық өшіріп, орнына қазақ тілін қалдыруға бағытталған мақсат бар. Бұл – қауіпті! Орысша-қазақша екітілділік – Қазақстанды Қазақстан етіп тұрған ең маңызды фактор», — дейді ол әрі қарай.

Оның ойынша,

орыс тілінсіз Қазақстан өледі екен. Осы орысша-қазақшасы аралас тіршілігіміз – барша қазақстандықтың басты байлығы дейді.

Иә, қазақ тілін беталбаты жаппай енгізе бергенді доғармасақ – бәріміз құримыз деп соғады ол.

«Дәл қазіргі Қазақстан орыс тілінің фундаментінің (іргетасы) үстіне салынған. Орыс тілінің арқасында Қазақстан сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасап отыр. Орыс тілі ауадай қажет. Тіпті, қазір кез-келген кеңсеге, әуекомпания, теміржол кассаларында, дүкендегі сатушылар мен базардағы саудагерлер, көбінесе, әңгімені орыс тілінде бастайды. Өйткені орыс тілі – бизнес пен коммерцияның тілі», — дейді Толеген.

Толегеннің ақылынша, кей ауылдарда орыс жоқ, бәріміз қазақпыз деп қуануға болмайды екен. Шындығында, қазақ тілі қазақтан басқа ешкімге керек емес дейді.

«Қазақ тілінде терең мәдениет пен технологиялық білім жоқ, ол өзге тілдің адамын еш қызықтыра алмайды. Ащы болса да, шындығы осы! Қазақ тілі орыс, кәріс неміске не үйрете алады? Рушылдық, «ағашкалық» пен бастық болуды армандаудан басқа ештеңені үйрете алмайды.

Біздің тек қана қазақша сөйлеп, қазақша ғана ойлайтын «таза қазақ» болғанымыз – үлкен қателік»,

– депті.

Толеген сіз бен бізге өзінше салиқалы ой тастап отыр. “Менікі ауыр шындық, дегенмен қазақ тілі жойылады” деп қорықпаңыздар деп, басу айтып қояды.

«Қазақ тілі қазағы көп ауыл-қалаларда өмір сүре береді. Қазақтар ойына келгенін қазақша айта берсін. Қазақтың қазақша сөйлейтін өзінің ортасы, қазақи жемқорлығы бар, сыйлы адаммен, бастықпен, участковыймен немесе главврачпен тіл табысып сөйлесуге қажетті қазақи кеңістігі қала береді. Ал қалған жағдайда қазақтың орысша білгені жақсы емес пе? Сондықтан бізге қазақ тілімен қатар орыс тілін де тереңдетіп оқытуды енгізу ауадай қажет.

Осы орысша-қазақша аралас сөйлейтін қасиетінен айырылса – қазақтар құрдымға кетеді. Деградацияға ұшырайды!

XXI ғасырда бұл асқан ұят болады», — деп түсіндіреді автор.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз