Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Ойбай, біттік”. Алматыда жолдағы шұңқырға 10 көлік түсіп кетті (фото)

Көліктердің кейбірі өздігінен шығып жатса, кейбірін арнайы техника жалдап тартып шығаруға тура келді.

Айта кету керек, Жетісу көшесінде бірнеше мердігер ұйымдар Алматы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысы бойынша су желісін ауыстырып жатқан болатын.

«Бұл жерде су желісін ауыстыру жұмыстары жасалды. Артынан топырақ пен қиыршық тас аралас балласт төселген. Таңертең жауған жауын бұл жабындыны отырғызып жіберген. Бүгін-ертең демалыс, келесі аптада аталған аймақ асфальтталады. Қазір жолға апаттық белгі қойылады», – деді мердігер компания «Техно Снаб 2002» ЖШС прорабы Мақсат Бикбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз