Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Өй, мынасы несі?..”. Шымкенттіктер шілдеде өседі деген зейнетақыны ала бастады

https://kaz.365info.kz/zejnetakhyny-khajtadan-eseptetuge-bolmajdy-maman-1-shildege-dejin-ylgerip-khaludy-ajtty-316143

“Мен Семей полигонында әскери борышымды өтегенмін. Ешқандай өсімді байқамадым. Орталықтан себебін білемін”, — деді Оtyrar.kz-ке қала тұрғыны:

“Ақша кімге жеткен еді? Өзімнің есебім бойынша 10 мың теңге қосылуы тиіс еді, алайда жеті мың теңгеге зейнетақым өсіпті, оған да шүкір”,

— деді тағы бір зейнеткер.

https://kaz.365info.kz/kelesi-zhyly-zejnetakhy-osedi-osylaj-degen-ministr-dyjsenova-khandaj-khulykhkha-bardy-286649

Естеріңізге сала кеттейік, 1-шілдеден бастап елімізде зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 20 процентке, әскери қызметшілердің жалақысы 25 процентке өсті. Биылғы жылы бірінші кезеңде, яғни, 1-қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 9, базалық зейнетақы 7 процентке артты.

Айта кетейік, 1998 жылдың 1-қаңтарына дейін тағайындалған базалық зейнетақы зейнеткердің іс-құжатында бекітілген стажына сәйкес қайта есептеледі. Демек, еңбек өтілі 10 жыл және одан кем болса, оларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 проценті тағайындалады. Еңбек өтілі 10 жылдан асатындарға әр жыл үшін 2 процент үстеме қосылады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 проценті, ал еңбек өтілі 35 жыл болса, базалық зейнетақы 100 проценті көлемінде болады екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз