Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Өй, қайыршы…”. Қарағандыда СМС арқылы ұрсысқан келіншек сотталды

Өз атына жіберілген балағат сөздерді оқыған Осакаров ауданының тұрғыны жеке айыптау түрінде сотқа арызданды. Жала жабу, тіл тигізу сынды істер бойынша түскен жеке адамның айыптауы полицияда тіркелместен автоматты түрде қылмыстық іс болып саналатыны белгілі. Зардап шеккен әйел өзін кемсіткен екінші әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы, 1-бөлігі, яғни «Тіл тигізу» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады. Онымен қоса, ол айыпталушыдан моралдық шығын ретінде 100 мың теңге көлемінде өтемақы өндіріп алу туралы азаматтық талап-арыз түсірді.

«Сот барысында айыпталушы әйел телефонмен смс-хат алмасу барысында әдепсіз түрдегі сөздермен өзге тұлғаның ар-намысын қорлау пиғылымен зардап шегуші әйелге тіл тигізгені анықталды», – деп атап өтті Қарағанды облысы Осакаровка аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Судья айыпталушыны кінәлі деп тауып, оған 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны тағайындады.

Әйелдің нақты қандай және қай жердегі жұмыстарды орындайтынын аудан әкімдігі шешетін болады. Азаматтық талап-арыз ішінара қанағаттандырылды.

Сотталған ауыл тұрғыны 15 мың теңге өтемақы төлейтін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз