Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Одан қорқамын”. Иорданияға қонаққа барған қазақстандық әйел үйіне қайта алмай отыр

Валентина Бережная күн сайын қызы мен немересінің бөлмесіне кіргенде, көз жасын ұстай алмайды. Олар кеткелі бұл үйде ештеңе өзгерген жоқ.

 

 

https://kaz.365info.kz/nesin-syrtedi-meladzege-tiip-algan-khazakh-khyzynyn-zhelidegi-sureti-synga-khaldy-foto-309354

«Олар осында дүниеге келді, оларды өзім өсірдім. Осы үйде тіркеліп, осында оқып жүрген қыздар енді үйге орала алмай отыр. Ол отбасының Иорданияда тұрғанын қалады. Ал қызым ол жақта тұрғысы келмеді.

Балалар да үйге оралғысы келетінін айтып, күнде жылайды. Бірақ азаматтық некедегі күйеуі рұқсат бермейді»,-дейді Татьянаның анасы Валентина Бережная.

Қазір қазақстандық әйелін Отанына жібермей отырған иорданиялық ер адам 32 жастағы Татьяна Бейкердің азаматтық некедегі жұбайы. Ол Қазақстанда тұрады және осында жұмыс істейді.

Таньянамен ұзақ уақыт бойы жақын қарым-қатынаста болған азамат, осы уақытқа дейін қарым-қатынастарын ресми рәсімдемеген екен. Осы уақыт ішінде олардың Сальсабил мен Таснима есімді қыздары дүниеге келді. Қазір олар 9 және 6 жаста. Екі ай бұрын Татьяна мен оның қыздары Бейкердің туыстарына қонаққа кеткен болатын.

 

 

https://kaz.365info.kz/bir-najmannyn-khyshagyna-kirermin-khazakhtyn-olgasy-ne-dejdi-foto-video-304131

Ал иорданиялық  азамат бизнеске қатысты мәселелерді шешкеннен кейін өзінің де елге баратынын айтып, уәде берген. Татьяна Иорданияға қыздарымен бірге бұған дейін де барған, бірақ бұл жолы не болды, туыстары түсіне алмайды отыр.

«Олар келген соң, Бейкердің бауыры Татьянаның және қыздардың құжаттарын виза ұзарту керек деп, алдап алған. Бүгінгі таңда Таняға құжаттары қайтарылмады.

Елші келгенде, Бейкердің ағасы бүдіршіндердің Иордания азаматтығын растайтын құжаттарын көрсеткен. Ол осы уақыт ішінде Татьянаның екі қызына жаңа азаматтық алып беріпті.

Ал Таня өзінің құжаттарын жоғалтып алды деп айтқан»,-дейді Татьянаның құрбысы Алевтина Данько.

«Шынымды айтсам, қатты қорқып кеттім. Ол қазір де хабарласып айқай салды. Шынын айтсам, қорқамын. Бәрі жақсы болғандықтан, біз оған сендік. Мен ол мұндай әрекетке барады деп мүлде ойламаппын.

Мүмкін, мен Иорданияда тұрғым келмегендіктен, ол ашуланып осы қадамға барды. Менде, қыздарымда күн сайын елімізге қайтқымыз келіп, жылаймыз.

Қазір ол бір күнге Иорданияға келіп кетемін дейді. Балалар тіпті оны көргісі де келмейді»,-дейді Татьяна Бережная.

 

 

https://kaz.365info.kz/namysyma-tiip-boldy-zamiranyn-sheshesi-khyzy-turaly-shyndykhty-ajtty-video-312666

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз